БӘЙДІБЕК: АУДАН ПРОКУРОРЫ АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бекітілген кестеге сәйкес Бәйдібек ауданының прокуроры Мәди Байтелиев Алғабас ауылдық округіндегі Тұрмыс-1, Ғ.Мұратбаев атындағы мектептерде болып, ұстаздар және оқушылармен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған oninfo.kz ақпараттық агенттігі. Кездесуде Мәди Мұратбекұлы кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіріп, оқушыларға заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыру қазіргі уақытта өзекті мәселе екеніне тоқталды.
Жиында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, қолданыстағы заң аясында жауап берілді. Кездесуде оқушыларға тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар аудан прокуроры Алғабас ауылдық округінің ардагерлер кеңесі мен билер алқасының мүшелерімен кездесті. Кездесуде округтегі елді мекендердегі өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар тарапынан бірқатар өтініштер мен ұсыныс пікірлер айтылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер аудан прокурорының назарына алынды.
Аудан прокурорының Алғабас ауылдық округі тұрғындарымен және білім беру мекемелерінің оқушыларымен кездесуіне аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбеков, аудандық мәслихат төрағасы А.Кенехан, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары С.Сағынбаев және білім бөлімінің мамандары қатысты.