Бүгін «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы мәжілісі өтті
Мәжілісті «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып, жүргізді.
Мәжіліске «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы, қалалық филиал төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, қаламызға арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы, Оспанов Берік Серікұлы, Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы, Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы және қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде бір мәселе ғана қаралды:
1. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласында орындалу барысы туралы тиісті басқарма басшыларының есебі.
Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың орындалу барысы және орындалмай қалу қаупі бар нысандар туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жолдасов Ержан Жақсылықұлы, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлының баяндамалары тыңдалды.
Баяндамашыларға фракция отырысында келесідей ұсыныстар берілді:
1. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауға алу;
2. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың мерзімінде орындалуын ұйымдастыру, бақылауға алу;
3. Жол картасында көрсетілген орындалмай қалу қауіпі бар іс-шаралар бойынша берілген ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;
Жалпы, фракция қызметінің маңызды бағыты – бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау.
«Nur Otan» партиясының елдің саяси жүйесіндегі үстемдігі жергілікті халық арасындағы жұмыс арқылы бағаланатыны белгілі. Сондықтан Партия алдында Сайлауалды бағдарламада көрсетілген іс-шараны сапалы орындау міндеті тұр. Тек алдын-ала жұмыс жасай отырып, біз жетістікке жете аламыз.