Қазығұртта мүгедектігі бар адамдарға тиісті көмек көрсетілген

Қазығұрт ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарға тиісті көмек көрсетілген. Ағымдағы жылдың 6 айында мүгедектігі бар адамның жеке оңалту бағдарламасына сай 81 мүгедек 81 жеке көмекші маманымен, естімейтіндігі бойынша 41 мылқау мүгедек 10 ымдау тілі маманымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 1 топтағы қол арбаны пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси» қызметімен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен  қаржы қаралып, 6 айында 28 мүгедектігі бар адамға «Инватакси» қызметі көрсетілуде. Одан бөлек, қоларбаны пайдаланбайтын жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды «Әлеуметтік такси» қызметімен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен  қаржы қаралып, 68 мүгедектігі бар адамға «Әлеуметтік такси» қызметі көрсетілуде.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамның жеке оңалту бағдарламасына сай қоларба алуға аудандық бюджеттен қаржы қаралып, 47 қол  арбамен қамтамасыз етілді. 563  мүгедектігі бар адамға сауықтыру орнына,  485 мүгедектігі бар адамдар портал арқылы жіберіледі. Одан бөлек, мүгедектігі бар адамның жеке оңалту бағдарламасына сәйкес денсаулығын оңалту үшін 28  мүгедектігі бар адам Шымкент қаласындағы оңалту орталығына жолданған.