Қазығұрт ауданында мүгедектігі бар 503 адам қажетті құралдармен қамтамасыз етілді
Қазығұрт ауданындағы мүгедектігі бар адамдар міндетті гигиеналық және қосымша техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін 2024 жылға қаржы қаралып, 503 адам қамтамасыз етілді. Одан бөлек, 9 мұқтаж мүгедектігі бар адамдар сурдо, 19 адам тифло, 132 адам протез-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, үйде оқытылып тәрбиеленетін 76 мүгедектігі бар балалардың ата-анасына 2024 жылдың 6 айында қаржы төленді. Бұдан бөлек, 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және үйде әлеуметтік күтімге алынған 80 балаға бір жолғы материалдық көмек көрсетілген.
Ауданда 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 29 аз қамтамасыз етілген отбасыға, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 8 адамға, бірінші топтағы мүгедегтігі бар адам санаторлық куроттық емдеу кезінде жанында еріп жүрген 3 адамға және өрт салдарынан зардап шеккен 1 отбасыға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.