АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ТІРКЕУ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Жыл сайын қаңтар-наурыз айларында тіркеу уақытында 17 жасқа толатын ер азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 17-жастағы бозбалаларды әскери есепке қою автоматты түрде жүргізіледі.
Осыған байланысты денсаулық сақтау ұйымдары 1айлықтан бастап,18 жасқа дейінгі балаларды кейін, динамикалық бақылаумен және сауықтырумен профилактикалық медициналық тексерулерді іске асырады. Бұл ретте жалпы практика дәрігерлері бейінді мамандардың қорытындысын және зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып,15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің денсаулық жағдайын кешенді бағалау жүргізеді.Мұндай деректер Қорғаныс министрлігімен біріктірілген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
Оны іске асыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін модификациялау мен ықпалдастырудың арқасында мүмкін болады. Бұл елдегі 16-60 жас аралығындағы азаматтарды әскери есепке алудың толық қамтылып, жүргізілуіне мүмкіндік берді. Мұндай процедуралар 17 жасқа толатын ер-азаматтарды тіркеу жүргізуде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтай алады.
Жыл сайын 17 жастағы 120 мыңға жуық бозбала әскери есепке алынады.
Тіркеуді тиісті жергілікті атқарушы органдар мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бірлесіп, азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене шынықтыру дайындығы деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді.
С. А. ЕШТАЕВ,
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі әкімдігінің бас
маманы.