Қазақстандықтар енді Қытай шекарасынан жаяу өте алады

Абай облысында жаяу жүргіншілерге арнап Бақты кеден бекеті ашылды, — деп хабарлайды oninfo.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Бақты кеден бекеті арқылы жаяу жүргіншілер Қытайға өте алады.

«Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді», — деп жазылған өңір әкімдігі хабарламасында.

Салтанатты ашылу рәсіміне Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Асхат Ахметов қатысты. Қытай тарапынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының лауазымды өкілдері қатысты.

Бақты кеден бақылау бекетіндегі терминалдарды қайта жаңғырту жұмысы аяқталғанға дейін туристер белгіленген тәртіп бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатынайды.

Сондай-ақ жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі. Ал халықаралық жолаушы тасымалдауға арнайы рұқсаты бар көлікпен ғана кіріп шыға алады.

 

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі