«Қазақстан ұлы дала елі, мәңгілік ел» атты тақырыптық көрме өтуде
Түркістан қалалық №11 кітапхана-филиалында «Қазақстан ұлы дала елі, мәңгілік ел» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ел тарихынан, мәдениетінен, жетістігінен сыр шертетін кітаптар қойылды. Мақсаты Қазақстанның қалыптасу тарихына шолу жасау, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін оқырмандарға таныту.
Сонымен қатар №3 кітапхана-филиалы «Қазақстан — құт береке мекені», балалар кітапханасы «Елдігі еңселі бірлігі бекем Қазақстан», №7 кітапхана -филиалы «Қазақстан — ел ертеңі», №8 кітапхана-филиалы «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан — жүрегім» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
