AYALA қайырымдылық қоры – қоғам қамқоршысы
AYALA қайырымдылық қоры 15 жыл ішінде Қазақстанның
67 қаласындағы 263 мекемеге көмек көрсеткен. Жалпы, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен бірге, Chevron компаниясы мен AYALA қоры арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде 12 жыл ішінде 80-нен астам денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарына
541,2 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілген.
Қайырымдылық қорының негізгі мақсаты – еліміздегі сәби және бала өлімі мен мүгедектігін азайту. Ол үшін балалар ауруханалары мен перинаталдық орталықтарға арналған медициналық жабдықтарды сатып алу және осы жабдықтармен жұмыс істейтін дәрігерлердің біліктілігін арттыру бағытында жұмыс жүргізіліп келеді. Тиісінше, 200-ге жуық құрал-жабдық алынып, 300-ден астам дәрігер оқытылып, 2000-ға жуық баланың өмірі құтқарылды.
Сондай-ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға арналған онлайн-академия ұйымдастырылып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен
647 дәрігер курсқа тіркелген. Олар үшін қазір 3 курс қызмет етіп жатса, тағы да жаңа 4 курс әзірленіп жатыр.
Байланыс үшін: AYALA қайырымдылық қорының жобалар үйлестірушісі Меруерт Рысбекованың +7 775 495 4566 нөміріне немесе meruert@ayala.kz эектрондық мекенжайына жүгінуге болады.