«Ауыл аманаты» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Отырар ауданы Қарақоңыр, Талапты, Ақтөбе, Шілік, ауыл округтеріндегі тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін өз кәсібін ашуына мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының еңсесін көтеру мақсатында төмен пайызбен несие берілуде.
«Ауыл аманаты» жобасына Отырар ауданы бойынша АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алатын отбасылар қатыса алады. Ендеше ауыл шаруашылығына қатысты өз идеяңыз болса осы жобаға қатысып, өте төмен пайызбен несие ала аласыз.
Несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 2,5 пайыз.
Несие беру бағыттары:
1. Мал шаруашылығы
2. Өсімдік шаруашылығы
3. Құс шаруашылығы
4. Балық шаруашылығы
5. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және жабдықтау
6. Ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашуы
Жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін – 8 625 000 теңгеге дейін.
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін – 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі.
Микрокредит мерзімі – 5-7 жыл.
Жылжымайтын кез-келген мүліктің 70 пайызы бағаланады.
Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі — 12 ай.