«АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ.

Түркістан қаласында, облыс көлемінде Әсел Бимырзаева ханымның бастамасымен осы уақытқа дейін өткізіліп келе жатқан «Армандар орындалады» жобасы алғаш рет Сауран ауданында өтті. Облыстық «Қоғамдық келісім» жанындағы ҚХА Сауран аудандық аналар кеңесі мүшесі, Шорнақ ауылдық аналар кеңесі төрайымы Тамара Ерімбет ханым Облыстық жобаға қатысып, бір баланың арманын орындаған болатын.

Игі жобаны жалғастырып ауданымызда аудан көлеміндегі 15 баланың арманын орындауға бастама көтеріп жомарт жандардың арқасында сауапты үлгі боларлық іс жасады. «Армандар орындалады» жобасының арқасында балаларымыз қуанышқа бөленіп ән айтып, би билеп, тамаша көңіл күйде болды.

Барлық қатысушыларға Тамара Ерімбет ханымға мың алғыс. Жоба жалғасын табады деген сенімдеміз.