Қаратау аудандық №1 ХҚКО жаңа ғимаратқа көшеді
«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы 18 қарашадан бастап Қаратау ауданының №1 ХҚКО Шымкент тұрғындарын Рысқұлов көшесі, 80 мекенжайы бойынша қабылдайтынын хабарлайды.
Айта кетейік, аталған орталық бұған дейін Төлеметов көшесі, 35 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдаған болатын.
15 қарашада Қаратау ауданының №1 ХҚКО-ның көшуіне байланысты азаматтарды 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта 12 Халыққа қызмет көрсету орталығы, оның ішінде 4 мамандандырылған ХҚКО бар. Сонымен қоса көші-қон қызметтерін көрсету және кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы да бар. Барлығы Kaizen қағидатымен жұмыс істейді.