«АРҒЫМАҚ МІНГЕН АРУЛАР»: шабандоз қыздар көпшілікті тәнті етті

Қарсы алыңыздар! «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіндегі 1300 шақырым қашықтықты бағындыратындар қатарында қыздардан құралған «Иманжүсіп» командасы – Ақмола облысы құрамасы дүбірлі додаға қызу дайындық үстінде.

Биыл алғаш рет «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінде бұрымдылар да бақ сынайды. Шабандоз Мерзақ Садуақасов сынды ер азаматпен қатар Ләззат, Лаура, Анна, Евгения есімді 4 ару Ақмола облысы командасының намысын қорғамақ.

Бас серіктес – Sport Qory қолдауымен марафон-бәйге 6 қыркүйек, сағат 14.00-де Астана-Түркістан бағыты бойынша Қаражар (Ильинка) ауылынан бастау алады. 19 қыркүйекте түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында өз мәресіне жетеді.

«Ұлы дала жорығын» бірге тамашалайық!