AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалы: жүйелі жұмыс – нақты нәтиже

AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің негізгі мақсаты – өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, партиялық жобаларды сапалы іске асыру және Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуын үйлестіру.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру бойынша арнайы жоспар бекітіліп, облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудан, қала және бастауыш партия ұйымдарында 258 кездесу өткізіліп, оған мәслихат депутаттары белсенді қатысты.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 2 мыңға жуық, ал әлеуметтік желілерде 800-ге жуық материал жарияланып, Жолдау бастамалары кеңінен насихатталды.

Облыстық «Әйелдер қанаты» 10 бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. «ӘЙЕЛ АМАНАТЫ – ТҮРКІСТАН» өңірлік бағдарламасы бекітіліп, «Turkistan» телеарнасында «Әйел Аманаты» телебағдарламасы іске қосылды.
Сонымен қатар:
100 белсенді әйелден кадрлық резерв жасақталды;
«Бөрте» саяси-көшбасшы мектебі ашылды;
Инклюзия бағытында 50 орындық оңалту орталығы пайдалануға берілді;
«Дара ұрпақ» инклюзиялық театры құрылды;
«Тең мүмкіндіктер» спорттық фестивалі ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде облыстық, аудандық және қалалық филиалдар жанындағы кеңестердің 124 отырысы өтіп, 285 мәселе қаралды. Мемлекеттік органдарға 814 ұсыныс жолданып, оның 82 пайызы орындалды.
Кеңестерде экология, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер және Жол картасының орындалуы бойынша басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің есептері тыңдалды.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 1446 іс-шара ұйымдастырылып, 8 мыңнан астам адам қамтылды.
«Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде 496 іс-шара өтіп, 6 679 азамат қамтылды. 1 063 отбасыға нақты көмек көрсетілді.
«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша 65 рейд өткізіліп, 128 әлеуметтік нысан тексерілді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар беріліп, 17 партия филиалының ғимараты талапқа сәйкестендірілді.

«Кітап-AMANAT» жобасы аясында облыста 3 кітап орталығы жұмыс істейді. 42 әдеби-мәдени іс-шара ұйымдастырылып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің мерейтойлары кең көлемде аталып өтті.
Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы және басқа да тұлғалардың мерейтойлары аясында тағылымды кештер өтті.
«Ұлттық мұра» жобасы бойынша 320 іс-шара ұйымдастырылып, 36 мыңнан астам адам қамтылды.

«Цифрлық қоғам» жобасы аясында «Ұстазға ЭйАй» (Ustazga AI) бастамасы таныстырылып, Darуn.ai платформасында мұғалімдерді оқыту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 59 мыңнан астам ұстаз тіркеліп, 42 мыңнан астамы оқу курсын аяқтаған.

Облысты дамытуда Жол картасын орындау маңызды. Жол картасындағы 121 іс-шараның 107-сі (88%) орындалды. Орындалу қаупі бар тармақтар бойынша партияның Орталық аппаратымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Бекзат Біләлов,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі