«AMANAT»: МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛДІ!
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық және аудандық, қалалық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтар сан түрлі өтініштермен келеді. Тұрғындарды толғандырған мәселелердің біразы ауыз су, ағын су салаларына қатысты. Тұрғындардың арыз-өтініштері мен мәселелерінің оң шешімін табуы үшін Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда,
«AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Аққұм ауылдық округінің бір топ тұрғындары Аққұм ауылына ауыз су аз келетіндігі бойынша өтініш білдірген болатын. Аққұм елді мекенінің тұрғындарының мәселесін қарау үшін Төлеби аудандық мәслихат депутаты Маженов Сакен Есмаханұлына жеткізіліп, мәселесі зерделенді. Нәтижесінде, Төлеби аудандық мәслихат депутаты Маженов Сакен Есмаханұлы «Ленгер –су» мекемесінің қызметкерлерімен хабарласып «Жиделі сай» су бұлағының көзі мен бойына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының өтініші қанағаттандырылды.
Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ж.Жолдасбекованың кезекті өткен қабылдауында Жарты төбе ауылдық округі, Достық-1 ауылының Газ ауыл деп аталып кеткен бөлімше тұрғындары егістік жерлерге ағын судың келмей, нәтижесінде ауыл тұрғындары егін еге алмай отырғанын айтып өтініштерін білдірді. Ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша ағын судың келмеуі салдары жан-жақты қаралып, талқыланды. Нәтижесінде, аудандық мәслихат депутаты Ж.Жолдасбекованың демеушілігімен ішкі арықтарға тазарту жұмыстары жүргізіліп, Ащынау каналына арнайы тоғандар қойылып ауылға су кіргізілді.
#AMANAT