АЛИМЕНТТІК ӨНДІРІСТЕР САНАТЫНДАҒЫ ІСТЕРМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АРНАЙЫ КЕҢСЕ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында алименттік өндірістер санатындағы істермен айналысатын 5 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылды.
Бұл туралы Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Исабекова Айнур брифинг барысында мәлім етті.
Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет. Еггер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты (оның ішінде алимент өндіру санаты) бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жағдайда әділет органдарының талап арызы негізінде лицензиясынан айырылуға жатады. Осы негіздермен сотқа енгізілген талап қою арыздары бойынша өткен жылы 2 жеке сот орындаушысы лицензияларынан айырылған.