Қала тұрғындарының қауіпсіздігі маңызды
🇰🇿«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы 121, 122, 124 тармақтарының орындалуы бойынша мәслихат депутаты, фракция мүшесі ретінде полиция департаментінің жедел басқару орталығының жұмысы бақыланды. Жоспарға сәйкес онлайн режимде жұмыс жасайтын бейнекамералар, мектептердегі камералар, жол қозғалысын реттейтін, қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын камералар жүйелі жұмыс атқаруы тиіс.
Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Асқар Алипбаевпен сайлауалды бағдарлама негізінде іске асырылып жатқан жұмыспен таныстым. Қазіргі таңда, қала тұрғындарың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жедел басқару орталығының қызметкерлері тарапынан қала аумағындағы көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларында жалпы саны — 3868 бейне камералар орнатылған. Сонымен қатар, көшелердің 121 қиылыстарында автоматты түрде тіркейтін интеллектуалды камерасының 1089, жол бойында тұрған 800 данасы және 1979 айналмалы бейнебақылау камерасы арқылы тұрақты қызмет атқаруда. Ағымдағы жылдың (I-ші тоқсан) 3 айында ЖБО қарасты 3868 сыртқы бейнекамерасының көмегімен 95 жәйт қылмыс белгілері бар қылмысты ашуға көмегі тиген. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық мәслихат депутаттары, “Amanam” партиясының фракция мүшелері бейнекамера орнату және басқа да жұмыстарға қолдау білдіретінін жеткіздім.
#amanat_deputat