ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ІЗГІ ҚАСИЕТ
Төлеби ауданы С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияда жалпы республикалық “ Мектепке жол” қайырымдылық акциясы “ Жақсылықты жаса” ұранымен өтті. Акцияның мақсаты жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу .
Ауданымыздың құрметті азаматтары Мұрат Есалиев, Жорабек Туламетов, Мұхан Суюдиков, Жамшид Туламетов балаларымызға өз тараптарынан демеушілік танытып, мектеп формасымен толықтай қамтыды. Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар оларға алғыс білдіріп, жақсы тілектер айтылды. Ағаларымыз алғыс хаттармен марапатталды. Жақсылық жасау әрбір адамның қолынан келеді. Біздің болашағымыз балалар деген мақсатпен «Қазақтелекомның» аудандық филиалының басшысы Асқар Досыбек, ауданымыздың орталық мешітінің бас имамы А.Оспанов, бас есепшісі Т. Сраилов және Халдар мешітінің бас имамы М. Джумағазиев мектебіміздің осал отбасынан шыққан оқушыларға мектеп формасына деп қаржылай көмек көрсетті.
Мектеп бойынша акция барысында осал отбасынан шыққан 56 оқушы мектеп формамен қамтылды.
N20 С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогтары.