Адамның адамшылығы-жақсы ұстаздан

Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, Ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы.

 

Ар-намыс, қадір-қасиет, абырой және адамның беделі – адамзаттың өмірінде, қоғамында, салт-дәстүр ғұрпында, ой санасында арнайы басты адами қасиетті құндылықтары. Көне заманнан адамның бойындағы адалдық, әділдік, азаматтық, ауызбіршілік, адамгершілік сияқты құнды қасиеттердің бағасы жоғары болған. Дегенмен, әр заманда әр уақытта да ақ пен қараның, жақсы мен жаманның арасында текетірестің болып отыратыны адамгершілік қасиеттердің құндылығын жойып, құнсыздыққа айналдырып жіберетін іс-әрекеттер, жағдаяттар қоғамда болып жататындығынан хабарымыз бар.

Ұстаздар адмазат бойына  сіңген табиғатында көпшілдік, дарқандылық, кеңдік сияқты қасиеттермен ерекшеленеді, балаға, жас буынға талбесіктен бастап адамгершілік, адалдық, әділдік, намысты болу, беделділік, әдептілік ұят деген қасиеттерді үйретіп, тәрбиелеген. Отбасындағы ұл мен қыздың бойындағы адами құндылықтар болып табылатын адалдық, ар-намыс, қадір-қасиет, ұят, жомарттық, әдептілік сияқты асыл қасиеттердің барлығы тәрбие түсінігімен байланысып жатқандығын байқаймыз.

Ұстаз әр шәкіртін «Біреудің ала жібін аттама», «Қызды қырық үйден тыю», «Малым – жанымның садақасы, жаным -арымның садақасы», «Өлімнен ұят күшті», «Қолыңмен істегенді -мойныңмен көтер»; Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер, баланың ұяты – әкеге, қыз – ұяты шешеге, ұрлық түбі – қорлық, т.с. көптеген ұлағатты сөздермен, даналық мақалдар мен тәрбиеленген ұрпақтың бойына сіңіріп отырған.

Ұстаз адами құндылықтарды әдептілік, әділдік атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды. Осындай ұлт намысының абыройының, қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады. Кез келген адамның адами санасы мен мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиет – ар-намысы. Бұл – жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік дейтін құнды қасиеттерді бағалайтын жүйелі моральдық мәдениеттілік, саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым. Адамның намысы мен ұяты түрлі қызмет атқарады; ол кезкелген тұлғаның жан дүниесіндегі, ішкі санасындағы білінбейтін, көрініс бермейтін тәртіп ұят сақшысы сияқты, адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып ғана қоймай, пасық, жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту үшін аса қажетті. Бұл туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс пен қадір-қасиеттің категорияларын алғаш болып Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым. Эпиктет адамның қоғамдағы ар-намысы мен абыройын сақтап қалуды үйреткен, озбырлықпен алдап тапқан пайданың адамға әкелетін еш абыройы мен қадірі жоқ екендігін ойда болған. Рим императоры Марк Аврелий бүкіл әлемге өзінің адамзаттың бірінші байлығы шынайы өмір сүру қағидалары туралы насихаттарымен танылған. Ұят, ар, абырой құндылықтары туралы ұлылар да айтып жазып кеткен. Ұлы Абай атамыз өзінің қара сөздерінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деп, Баласағұн «Ұят-жаман ойдың жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз адам» деп айтқан.

Біз ұрпағымызға өзіміз өнеге көрсету арқылы нағыз адамгершілікті тұлғалықты танытамыз. Қоғам абырой сөзін кең мағынада – ар, ұят, құрмет, бедел қадыр-қасиет сияқты ұғымдардың жүйесін түсінеді. Абырой бұл – тұлға бойындағы қазыналы қастерлі құндылық. Ұлтымыздың философиялық түсініктері адамзатты даналыққа, адамгершілікті етіп ұстауға, әділ болуға, адал, намысшыл, шынайы өтірік айтпауға, екіжүзділіктен аулақ болуға, аманатқа қиянат жасамауға тәрбиелеп отырған. Ата-бабамыздан аманатталған осы асыл қағидаларды сақтамау, оларды бұзу, қиянатқа жол беру-қатаң жазалауға апарады. Тарихи, шежіре мәлеметтерден, мұрағат құжаттардан көптеген кісі өлтіру, елдің беделді, құрметті азаматтарын қорлау, бөгденің мүлкін малын заңсыз иелену, ұрлау, зомбылық пен қиянат жасап ар, ұятқа қиянат жасағанда өте ауыр күнәні атанғандар қатаң жазалар кесілгендіктерін білеміз.

Адалдық адамның бойындағы құны жоғары қасиет, азаматтық санасы, ой-түйсігі мен ар-намысына қарсы келмейтін іс-әрекеттердің моральдық-этикалық құрылымдық жүйе. Адамгершілік, адал болу, алдамау, шыншыл болу сияқты қасиеттер ұжымдық ортада бойына сіңірген тәлім-тәрбиесіне, ішкі жан дүниесіне, біліміне, таза жұмыс істеуіне, еңбек етуіне байланысты ұштаса отырып қалыптасып, адамның жеке басы мен тұлғалығының деңгейін көрсетеді, сипаттайды. Адам озып, ұятсыз қылыққа жол берген адамдарды қазақтың дала заң нормаларында қатаң жазалау тәсілдер қолданғанын да білеміз. Ең ауыр масқаралау жазасының бір түрі бұл – моральдік этикалық нормаларды бұзған үшін жазаға кесілген адамды есекке теріс мінгізу болған. Бұндай жазалау халқымыздың дәстүрлі дала заңында қатаң ауыр жаза деп табылған.

Ата бабамыздан біздердің ұғымымызда «адал кәсіп», «адал мал», «адал ит», «адал жар» деген қастерлі сөздер қалғаны белгілі, бұл сөздердің түпкі мағынасы таза, жалғандықтан ада деген мағынасында білдіреді. Ұрпақты үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, иманды болуға адамгершілікке баулу. Адам бойындағы асыл қасиеттерді әр адам жоғары қойып үлкен жауапкершілікпен қорғауы керек. Азаматқа қойылатын басты талап-адамгершілік пен адалдық. Ол адам бойындағы ең асыл қасиет және азаматтың ең биік мұратына жетелейді. Бұл ізгі адамгершілік қасиеттері адамды мейірімділікке, Отанын, жерін, жанұясын құрметтеуге бағалауға сүюге үйретеді. Адам баласының бойында адамгершілік пен адалдық қасиеттер болмаған жағдайда, адам өз-өзінің құнын білмейді, сыйламайды. Адам бойында жағымды иманды қасиеттер көп болса, ол адамның жолы ашық болмақ, оған бақ та, дәулет те қонады деп жатамыз, жастарды жақсы қасиеттерге үйрету жағымсыз қасиеттерден арылту қажет. Кез келген адам өзіне қымбатты болып танылатын, өзі үшін өте құнды деп есептелетін нәрсесін қаншалықты бағаласа, құрмет тұтса, барынша жақсы көріп сүйіспеншілік танытса ғана бұны нағыз намыс екенін түсінеміз.

Ар-намыс абырой – бұл адамның беделі, қадір қасиеті. Азамат әркез өзінің қасиетін жоғары қойып, бағалап қастерлей білуі, қорғауы қажет. Адам өз бойына ар-намыс, ұят, адалдық, әділдік, сыпайылық сияқты құндылықтарды сіңіре білуі қажет.

Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Осындай ұлы мамандықта жұмыс жасап, жас ұрпақтың ертеңін ойлап, тынымсыз ізденісте жүрген кейіпкеріміз: Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2017 жылдан бері бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі директор орынбасары: Аханова Насиба Шукруллақызы

Түркістан қаласы Шорнақ ауылының тумасы. Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектепті 1994 жылы бітіріп, Ташкент қаласында «Низомий»атындағы педагогикалық университетке өзбек тілі және әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түседі, 5 жыл оқып, дипломын қолға алғаннан кейін, 2000 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепке мұғалім болып орналасады. Осы салада 23 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аудандық, облыстық деңгейдегі олимпиадалар мен түрлі байқаулардан алған жүлделі орындары бар. Шәкірттерін де жарыстарға қатыстырып, олардың бойындағы қарым-қабілеттерін ашып келе жатыр.

Бұл салаға өз қалауымен келген. Білім берген мұғалімдерінің жүріс-тұрысы, өмірлік ұстанымдары, білім беру әдістері мен тәсілдері дүниетанымының кеңдігі-кейіпкеріміздің қызығушылығын арттырған. Өз мамандығын жақсы көргені соншалықты, басқа мамандықтар туралы ойлап та көрмеген.

Өмірлік ұстанымы- бұл фәниге адам болып келген соң, нағыз тұлға ретінде қалыптасу, аамгершілік имандылық сынды құнды қасиеттерді тұла бойына жинау. Таңдаған мамандығының да басты мақсаты жан-жақты дамыған, саналы ұрпақты тәрбиелеу. Ы.Жақаев айтқандай: Егер мұғалім өң бойына, өз ісі мен шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз мұғалім. Өз мамандығын ұнатқан, шәкіртін баласындай сүйетін ұстаз бар күш-жігерін,  өнерін сол салаға арнап, білімді де, білікті шәкірттер дайындай алады. Барлық қиындықтарға төзіп, жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Қазір заманмен бір ағымда жүзу  үшін, біз жаңашыл, ізденімпаз, білімге құштар жан болуға тиіспіз. Себебі ұстаздарға артылып отырған жүктің салмағы ауыр. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, олардың болашағы жарқын болуы үшін ат салысып жатқан соң, жауапкершілікті терең сезіне алуымыз қажет дейді кейіпкер.