Адал еңбекке сүйенетін азаматтық қоғамға айналдыру міндеті тұр
Түркістан облысының тұрғындарының назарына патерналистік көңіл күй мен масылдықты төмендету, қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау, қоғамда барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру мақсатында арнайы мәліметтерді ұсынамыз. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдауды, қоғамдағы инклюзияны ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру маңызды. Стресті активтер деңгейін төмендету жұмысы да айрықша маңызға ие. Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуге тиіс деген шешім қабылдадық.
Сонымен бірге, шектеу қойылып, бұғатталған активтерді экономикалық айналымға қайтару керек. … Алайда, қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез-келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Патерналистік (масылдық) көңіл күйді әркім әртүрлі түсінеді. Қазақстан жағдайында бүгінгі таңда бұл түсінікке мысал көп. Өйткені кейінгі кездері елде біреудің есебінен күн көру, біреудің көмегіне немесе берген тиын-тебеніне иек арту, біреудің есебінен ішіп жеп, қыдыру, біреуден қарыз алып қайтармай кету сияқты әрекеттер көбейген. Қоғам және оны айыптаудан, ар санаудан қалған. Капитализмге бет бұрған кезеңде рас, нәпақа табу қиындаған шығар, нарыққа халық тұрмысы сәйкес келмейтін де болар. Бірақ бұның бәрі біреуге масыл бол деген сөз емес. Психологтар бұндай тенденцияны қарапайым еңбек адамының насихатының азаюы мен қарапайым еңбек адамның еңбегінің өз дәрежесінде бағаланбауынан десе, тағы бірі отбасындағы тәрбиенің нашарлауы мен қоғамдағы белең алған жемқорлықтан дейді.
Мемлекеттік ұстаным мен ұлттық идеологияның тәуелсіздік жылдары әлсіреп кеткенін, оның бәрі тұтастай бір қоғамның сенетін, сүйенетінқұндылықтарын жоғалтып, орнына жеңіл олжа, тез баю идеясын алға шығарғанын айтушылар да бар. Қалай десек те, қазақстандықтар алдындақарапайым азаматын масылдық көңіл күйден шығарып, жемқорлыққа төзбейтін, адал еңбекке сүйенетін азаматтық қоғамға айналдыру міндеті тұр.