ABAI UNIVERSITY: СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫНА 10 ЖЫЛ
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Сорбонна-Қазақстан институтына 10 жыл. Осыған орай Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге Аbai University-не арнайы келді. Мәртебелі мейманды қарсы алған Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Болат Тілеп әуелі құрметті қонаққа университеттің тарихынан сыр шертетін сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер туындылары қойылған мұражаймен таныстырды.
Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтын құру туралы алғашқы меморандумға 2013 жылы Сорбонна Париж-Сите (Sorbonne Paris Сité) университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында қол қойылды. Ал институттың салтанатты ашылуы 2014 жылдың 6-желтоқсанында екі елдің Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен болатын. Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты ашылғаннан бері әлемдік франкофония желісіне қосылып, AUF-тің (Франкофондық университеттер агенттігі) толыққанды мүшесі болды. Сорбонна-Қазақстан институты құрылған кезде 2014 жылы екі білім беру бағдарламасы ашылды, ал студенттердің жалпы контингенті 40 адамды құрады.
2018 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы институттың барлық білім беру бағдарламаларында француз тілін үйренуге назар аударуды күшейту туралы шешім қабылдады.2018 жылдан бастап институт 1200-ден астам студент шығарды.170-тен астам студент Францияның серіктес университеттерінің дипломдарымен Француз диссертацияларын сәтті қорғады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Болат Тілеп Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мен бірге Сорбонна-Қазақстан институтының 10 жылда атқарған жұмысымен танысты. Абай университетінің студенттерімен оқытушыларымен жүздесті. Құрметті қонақ «Дипломат жолы» тақырыбындағы дәрісін өткізді. Арнайы дәрістен соң, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогеге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Құрметті профессор» атағы берілді.