САУРАНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТІП, 15 ТОННА ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ШЫҒАРЫЛДЫ
Елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және экологиялық мәдениетті арттыру – қоғамның ортақ міндеттерінің бірі. Осы бағытта Сауран ауданында абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге ерекше көңіл бөлінуде.
Осыған орай, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен және қолдауымен Шорнақ ауылдық округінде кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – ауылдардың санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды ретке келтіру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындардың туған жерге деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру.
Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді азаматтар қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Жалпы сенбілікке 700-ге жуық адам жұмылдырылып, 12 арнайы техника тартылды.
Сенбілік барысында ауыл ішіндегі көшелер, қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың аумақтары, жол жиектері, арық-атыздар мен ортақ пайдаланылатын жерлер тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар бейберекет тасталған қоқыстар жиналып, арнайы техникамен шығарылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 15 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Бұл жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға да ықпал етті.
Сауран ауданында санитарлық тазалықты сақтау мен елді мекендерді көркейту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді. Ауылдық округтерде қоғамдық орындарды абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді таза ұстау және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Аудан әкімдігі тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырады. Себебі таза, көрікті әрі жайлы елді мекен қалыптастыру – барша тұрғынның ортақ міндеті және бірлескен еңбегінің нәтижесі.
