САПАЛЫ ӨНІМ – ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА: ШАРДАРАДА АПТА САЙЫН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

Халыққа сапалы әрі арзан ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсыну мақсатында 2025 жылғы 4 қазанда Шардара қаласындағы Өтеғұл шағын ауданында орналасқан «Батырхан» көкөніс сақтау қоймасы аумағында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке барысында қала тұрғындары мен қонақтарына пияз, қауын, күріш және басқа да жергілікті шаруалар өндіретін өнімдер нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынылды. Мұндай шаралар отандық тауар өндірушілерді қолдауға және тұрғындардың тұрмыс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр аптаның сенбі күні арнайы бекітілген кестеге сәйкес «Батырхан» көкөніс сақтау қоймасы аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.

Жәрмеңке жергілікті шаруаларға өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға жеткізуге жағдай жасап қана қоймай, нарықтағы бағаның тұрақтануына да оң әсерін тигізуде.

Барша қала тұрғындары мен қонақтарын Шардарада өтетін апта сайынғы жәрмеңкеге белсенді түрде қатысып, отандық өнімді қолдауға шақырамыз!