ДЕПАРТАМЕНТТІҢ 200 ГЕ ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Бүгін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Іс-шара барысында жол жиектеріндегі арамшөптер оталып, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар жиналып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ауқымды сенбілікке департаментке қарасты 17 аудан қаладағы басқарманың мемлекеттік қызметкерлері, кіші қызметкерлер, жалпы 200 ге жуық белсенді атсалысты.
Алдағы уақытта Департамент тарапынан «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі