БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ
Шымкент қаласында 2024-2025 жылғы жылыту маусымы аясында қауіпсіздік шаралары тек тұрғын үйлермен шектелмей, білім беру мекемелері мен әлеуметтік нысандарда да қарқынды түрде жүргізілді. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін 385 интерактивті сабақ өтіп, оған 13 мыңнан астам оқушы қамтылды.
Сонымен қатар, қалалық деңгейде 370 жиын ұйымдастырылып, 21 850 адам қамтылды. Бұл шаралар халықтың өрт қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Департамент «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында бірқатар маңызды акцияларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, «Жатақхана», «Оттан сақ бол», «Сіріңке — бір өмірдің бағасы», «Әр үйге қауіпсіздік», «Улы газдан сақ болыңыз» секілді ақпараттық-алдын алу акциялары тұрғындардың күнделікті өмірде қауіпсіздікке мән беруіне бағытталған.
Қауіпсіздік тақырыбы кинотеатрларда да көтерілді. «Өрт қауіпсіздік сағаты» акциясы аясында фильмдер басталар алдында 10 арнайы бейнеролик, ал LED экрандарда 25 бейнеролик көрсетілді. Бұл визуалды ескертулер балалар мен ата-аналардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін күшейтуді мақсат етті.
Қаланың әкімдігімен бірлесіп 2024-2025 жылдарға арналған өрт профилактикалық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтіп, нақты тапсырмалар берілді. 14 әлеуметтік нысанда (2 313 науқас пен 1 343 қызметкерді қамтыған) өрт-тактикалық жаттығулар мен оқу сабақтары өткізілді.
Бұл шаралар — Шымкент қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі әрі кешенді жұмыстың нәтижесі. Төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта да өрттің алдын алу шараларын тұрақты түрде жалғастырмақ.
Бұл туралы, Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подколковнигі — Педен Нұрболат Нұржанұлы баяндады.