ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 100% ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығы Қ.Базарбаевтың қатысуымен «Көктемгі су басу кезеңіне дайындық» тақырыбында брифингі өтті. Брифинг барысында Қуанар Бекенұлы қаламыздағы су басу қауіпі бар аймақтардағы атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ департамент тарапынан жасалып жатқан дайындық барысы туралы сөз қозғады.
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының деректеріне сәйкес Шымкент қаласында ағымдағы жылғы наурыз айында жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп болжанды (норма 81 мм). Қалада жердің қатуы жоқ, топырақтың ылғалдылығы нормадан 55% жоғары (норма 48 мм), қалаға әсер ететін Түркістан облысының тауларында қар қоры нормада (50-52см).
Қаламыз үшін су тасқыны мен су басу қаупі Бадам (49 шқ) және Сайрам-су (23 шқ) таулы өзендері, қолда бар 4 су қоймасы (Бадам, Тогус, Текесу, Ақжар), Забадам, Елтай және Абдуллабад тұрғын алаптары маңындағы қырлы биіктіктер еріген қар және нөсерлі жауын-шашын болып табылады (1-2 тәулік).
Қалада су тасқыны кезеңінің шыңы (пик паводка) сәуірдің аяғы мен мамыр айының басы болып есептеледі. Су тасқыны кезеңінде Бадам өзенінің арнасы бойынша судың максималды шығыны секундына 49-77 текше метр күтіледі деп болжануда, ал арнаның өткізу қабілеті секундына 400 текше. Бұл дегеніміз су қауіпсіз өтеді.
Шымкент қаласының аумағында 8 гидротехникалық құрылыс бар (4-су қоймасы, 3-су торабы, 1-су жинағыш), оның 7-уі қанағаттанарлық, бір ГТҚ қанағаттанарлықсыз жағдайда ол Ақжар су қоймасы. Аталған нысанда су тасқынына қарсы іс-шаралар Жол картасына енгізілген. Авариялық және иесіз ГТҚ жоқ. Бүгінгі таңда 4 су қойманың толуы 14-90% құрайды. Барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Айта кетсек, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің техникалық мүмкіндігі 87%-ды құрап отыр. Ағымдағы жылы қалалық әкімдіктің қолдауымен қосымша 37 дана техника сатып алу жоспарлануда. Аталған техникалар сатып алынғаннан кейін қаланың қажеттілігік деңгейі 100% қамтылатын болады.
Қазірде қаланың 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы тұрақты бақылауда.