Наурызнама: Шымкентте ХҚКО қызметкерлері келушілерге ұлттық киіммен қызмет көрсетті
Бүгін Наурызнаманың бесінші күні, 18 наурыз – Ұлттық киімдер күні. Осы айтулы күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласының филиал қызметкерлері жұмысқа ұлттық киімдерімен келді.
Осылайша, филиал қызметкерлері ұлттық құндылықтарды, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қолдай отырып, мерекелік көңіл-күйлерін қызметалушылармен бөлісті. Әр қызметкер кеңсе стилін ұлттық киімге ауыстыру арқылы ұлттық дәстүр мен мәдениетке деген құрметті айрықша сезінді деуге болады.
Айта кетейік, дәстүрлі киім еліміздің дәстүрлері мен тарихын құрметтеудің жарқын көрсеткіші болып табылады, ұлттық сипатты бейнелейді, өткеннің мәдени және рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.