Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.