ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТҰРҒЫН АЛАБЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАР ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ, Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағындағы бірқатар кәсіпорынды газға қосуға қатысты.
 Жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөліскен қала әкімі газды пайдалану кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Айта кетейік, аталған шағын аудандарды газға қосу жұмыстары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақтылы аяқталу нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы газға қол жеткізеді.
 Тұрғын үйлерді көгілдір газға қосу қала экологиясы үшін тиімді, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нысандарды қосқаннан кейін Шымкенттегі газдандыру деңгейі 97,4% -. құрайды.
 Естеріңізге сала кетейік, газ қосуды жеделдету үшін тұрғындарға «QazaqGaz Aimaq»АҚ-на өтінім беріп, тиісті құжаттарды ұсыну қажет.