Шымкентте ер адам дизельді бөшкені газбен жылытқан ер адам көз жұмды

Шымкентте ер адам дизель құйылған бөшкені газ баллонымен жылытқан. Баллон жарылып, алған жарақат салдарынан шымкенттік оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы жағдай 8 желтоқсан күні «Тассай Тас» ЖШС аумағында болған. Көлік жүргізушісі газ баллонымен бір бөшке дизель отынын қыздырмақ болған. Салдарынан жанармай құйылған бөшке жарылған.

39 жастағы ер адам ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті.

“Жұмыс жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік қағидаларын бұзу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Шымкент полиция департаменті.

Дереккөзі:  Stan.kz