Мүгедектік пен жәрдемақы қалай тағайындалады?
Түркістандық оқырмандарымыздың назарына мүгедек – бұл тұрмыс-тіршілігі шектеліп, қандай да бір ауруға, жарақатқа, жаралануға байланысты немесе олардың зардабынан денсаулығы нашарлаған адам екендігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Egov.kz порталындағы мәліметтерге сүйеніп, ересектерге мүгедектікті белгілеу жолдарын ұсынамыз. Мүгедектікті тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен регламенттелген.
Алдымен сізге тұрғылықты/тіркелген жеріңіз бойынша медициналық ұйымдағы өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге бару керек. Ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемін, оның ішінде көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейді.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жолдама алыңыз
Диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, ағза қызметтерінің тұрақты бұзылуы болған кезде, медициналық ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздық басталған кезден бастап немесе диагноз қойылған сәттен бастап сізді МӘС-ке жібереді.
Бұл тізімге анатомиялық ақаулары бар және ағза қызметінде айқын білінетін бұзылулары бар адамдар кірмейді.
МӘС қорытындысын алыңыз
МӘС бөлімінің мамандары адамды қарайды, оның ағза қызметінің бұзылу дәрежесін және тіршілік-тынысының шектелуін, оның ішінде еңбек ету қабілетін бағалайды және ұсынылған құжаттарды қарайды. Соның негізінде сараптамалық қорытынды шығарады.
МӘС тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі, бірақ кей жағдайларда ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссиясының) қорытындысы бойынша үйде, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында немесе сырттай емдеуде тұрған жері бойынша жүргізіледі.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы алу үшін Қазақстан азаматы кез келген уақытта өтініш бере алатындығы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Әдетте, жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап тағайындалады. Қазақстанда мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға өтініш беру үшін келесі мемлекеттік органдарға жүгінсе болады:«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті филиалы.Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі (мүгедектікті бастапқы анықтау бойынша).eGov.kz электрондық үкімет порталы.eGov.kz порталында жәрдемақы алуға өтініш берген кезде сіз веб-сайтқа кіріп, қызметке онлайн тапсырыс беріп, барлық қажетті мәліметтерді көрсете отырып, өтінішті толтырып, электрондық қолтаңбамен куәландыруыңыз керек.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау үшін қажетті негізгі құжаттар:
Қажетті деректерді көрсете отырып, ұсынылған нысандағы өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжат.
Мүгедектік туралы анықтама.
Жәрдемақыларды аудару үшін банктік шот туралы ақпарат.
Әртүрлі жағдайларда қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін, мысалы, орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі, сәулеленуге ұшыраған адамдардың мүгедектігін анықтау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі, ауру туралы анықтама.
Қазақстанда мүгедектерге әлеуметтік қорғауға кепілдік берілген. Мүгедектік бойынша жәрдемақы әрқашан ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары, кейде одан 2-3 есе асып түседі.
Мүгедек баланы асырап-бағуға берілетін жәрдемақы 1,61 айлық жалақыны (69 885 теңге) құрайды. Әлеуметтік кодекс жәрдемақы алушылардың қиын өмірлік жағдайларын қарастырады.
Сондай-ақ, мүгедек балаларға және асыраушысынан айырылғандарға мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғаяды (177-баптың 5-тармағына сәйкес). Егер зейнетақы мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерінен аз болса, онда жәрдемақы зейнетақы төлемдеріне қосымша төлем ретінде төленеді (177-баптың 8-тармағына сәйкес).