Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру
Осы күнгі қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау маңыздылығын ескеру керек іспетті. Өйткені, азаматтық ортада басқа да құндылықтардың алға озып бара жатқанын көз көріп жүр. Ал, ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау жайы көлеңкеде қалып бара жатқандай. Аталған іс, бастама несімен маңызды? Ендеше тоқталып өтейік.
Қазақстанда бірнеше жылдан бері инклюзивті білім туралы айтылып, жазылып, түрлі бұқаралық ақпарат құралы арқылы жарнамасы жасалып жүр. Ол ол ма, мемлекеттік деңгейде де талай талқы өтті. Бірақ, осы бір инклюзивтілік халін кім қалай түсінді? Біздіңше, қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды дәріптеу, нығайту үшін инклюзивті мәдениеттің жаңа бағдарламасын дайындап, күнделікті өмірімізге енгізу шарт.
Осындайда, «Хокингтің сәулеленуі» құбылысын ашқан Стивен Уилиам Хокинг ойымызға оралады. Ғалым 1960 жылы бойын меңдеген ауыр дерттің салдарынан арбаға танылған. Сол кездегі ағылшын билігі, ғалымның ортасы ерекше қажеттіліктері бар адамға құрметпен қарады. Стивен Хокинг осының арқасында талай сыйлық алып, жаңалық ашты әрі өз заманының ең атақты физик-теоретигі ретінде танылды. Жалпыға, қауымға жасаған игілігі шаш етектен.
Біздің елде ше? Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау бағытында нендей істер атқарылып жатыр? Қандай бастамалар көтеріп, бағдарламалар әзірлеу керек?
Ең әуелі, елдегі осы бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың ортақ базасын жинақтап, шағын гранттар үлестіру маңызды. Аталған грантты қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды насихаттайтын, оқытатын үкіметтік емес ұйымдар ғана ала алады. Бұл арқылы біз жоғарыда мысалға келтірген инклюзивті мәдениет қалыптасады. Қайткен күннің өзінде қоғамда ынтымақтастық рухы қалыптаса бастайды, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау артады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын ерекше қажеттілігі бар бір азаматпен сапарлас болдым. Өзін тәуелді еткісі келмей, іс тігіп, еңбек етеді. Сол арқылы қоғамдағы адамдардың құрметіне бөленген екен. Оған ата-анасы да қолғабыс етіпті. Міне, ынтымақтастық рухы деген осы шығар?!…