Қазығұртта мүгедек азаматтар қайтарымсыз гранттың арқасында кәсібін ілгерілетуде

Қазығұрт ауданында 2024 жылдың 5 айында «Е-Собес» ААЖ-не мұқтаж мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен және  әлеуметтік қыметтермен қамтамасыз ету үшін  2814 өтініш түсіп, оның 2049-ы орындалған, яғни 72,8%-ды құрады. Сонымен қатар, биылғы жылы 93 адам қайтарымсыз грант алу жоспарланса, 1 лек бойынша 43 адам грант иегері атанды. Оның ішінде мүгедектігі бар 6 адам бар. Олар аудандағы Қызылқия ауыл округінен Аскер Мақсат екінші топ мүгедегі бар адам шлакоблок өндірісін ашу бойынша грант алған. Сонымен қатар, Қызылқия ауыл округінен Оразбаев Бердан екінші топ мүгедегі бар адам құлпынай өсіру ісін қолға алған. Бұдан бөлек, Жаңабазар ауыл округінен Кыбраев Ерболат екінші топ мүгедегі бар адам жоғары сапалы құрама жем өндірісін ашуды қолға алса, Қазығұрт елді мекені Акмурзаев Азилхан үшінші топ мүгедегі бар адам  экологиялық таза табиғи қоспасыз өнімдер дүңгіршегін ашуға бел буған.

Бұдан бөлек, Қазығұрт елді мекені Изтилеуова Жанар мүгедек балаға күтім жасайтын адам самса мен нан өнімдерін өндіретін цех ашуды көздеген. Сонымен қатар, Қазығұрт елді мекені Сахов Бекзат үшінші топ мүгедегі бар адам пластикалық терезелерді өндіру жөніндегі цехты құруды қолға алған.Жалпы ауданда 2024 жылдың 6 айында «Е-Собес» ААЖ-не мұқтаж мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен және  әлеуметтік қыметтермен қамтамасыз ету үшін  2814 өтініш түсіп, оның 2049 -і орындалған, яғни  72,8%-ды құраған.

Ұлттық жоба шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтуге, «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) базасында онлайн оқытудан өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар алуға, «Ұрпақтар келісімшарты», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» жобаларына қатысуға, сондай-ақ, «Жастар практикасы» жобасына жастар қатарындағы адамдар алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін ала алады.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге аптасына ұзақтығы отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын қосымша ақы төленетін еңбек демалысы ұзақтағы кемінде алты күнтізбелік күнге беріледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және денсаулығына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мүгедектік кезеңі бар зейнетақы аударымдардан мерзімсіз босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын төлеу мүгедектігі бар адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Мүгедектік топты белгілеу критерийлері. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:үшінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсетуге; үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға; үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті); үшінші дәрежедегі оқуға; үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге; үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; үшінші дәрежедегі өзінің міңез-құлқын бақылауға.Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті немесе екінші топтағы мүгедектігі бар баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:екінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсетуге; екінші дәрежедегі жүріп-тұруға; екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті); екінші дәрежедегі оқуға; екінші дәрежедегі бағдарлай білуге; екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; екінші дәрежедегі өзінің міңез-құлқын бақылауға.Тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:бірінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсетуге; бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға; үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті); бірінші дәрежедегі оқуға; бірінші дәрежедегі бағдарлай білуге; бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; бірінші дәрежедегі өзінің міңез-құлқын бақылауға.

Мүгедектерді жұмыспен қамту. Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 2-4 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған.

Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің хұқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісім-шартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады.

Білім беруде мүгедектігі бар адамдарға берілетін жеңілдіктер. Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары баланың оқу орнын мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, қарапайым немесе арнайы білім беру ұйымын таңдауға құқылы;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылданған кезде 2012 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген квота мөлшері 1% құрайды.

Мемлекеттік білім беру гранттарын бюджеттік қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімі жоқ, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар басым құқыққа ие болады.

Денсаулық жағдайы жалпы мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарында болуға мүмкіндік бермейтін мүгедек балалар үшін балабақшалар және басқа арнайы түзеу ұйымдары ашылуда.

Мүгедектігі бар балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа да білім беру ұйымдарында тәрбиелеу және оқыту мүмкін болмаса, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің қалауы ескеріліп, тәрбиелеу және оқыту үйде өткізіледі.