Арыс қаласы бойынша 2570 мүмкіншілігі шектелуі жандар бар

Арыс қаласы бойынша 2570 ерекше жандар бар. Оның ішінде I топтағы 172 адам, II топтағы 898 адам, III топтағы 1025 адам,  18 жасқа дейінгі 495 мүгедек   балалар бар. Осы ретте Арыс қаласындағы «Асыл жүрек»  әлеуметтік орталығы 159 мүгедектігі бар  балаларға  26 әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Одан бөлек, қаладағы «Тең қоғам орталығында» мүмкіндігі шектеулі жандарға фронт-офис режимінде психологиялық қолдау – көмек көрсетіледі. Бұл орталықта I–топтағы зағип жандар мен II-III-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және осы санаттағы балаларға да қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, массаж, шахмат, дойбы ойыны мен спорттық дене шынықтыру жаттығуларына арналған тренажерлармен жұмыс істеу бағдарламалары енгізілген. Орталықта күніне 25-30 адамға қызмет көрсетілуде. Оның ішінде, көзі нашар көретін жандар үшін Брайль әліпбиі негізінде оқылатын кітаптар мен    23 адамға арналған оқу залы да бар. Ол жердегі кітап қоры 180 дананы құрайды. Ал, оның аудио нұсқасын тыңдағысы келетіндер үшін 300-ден астам аудиодиск тұтынушылар назарына ұсынылады.

Жалпы мүгедектерді кресло-арбамен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары әзірлеген мүгедектерді оңалту бағдарламасы (бұдан әрі — МОБ), мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша өтінімдерінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектер МОБ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кресло-арбалармен қамтамасыз етіледі. Жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жабылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектерге кресло-арбалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі. Кресло-арбаларға мұқтаж мүгедектер немесе олардың келісімімен басқа тұлға, сонымен қатар мүгедек балалардың заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөлімдеріне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы,жазатайым жағдай туралы акті және жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның жабылуы туралы құжат.

Мүгедектігі бар адамдар – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Қазастан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының КонституциясыменҚазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:

  • әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
  • мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;
  • кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
  • инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;
  • өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
  • мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

  • Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
  • Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
  • Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту

  1. Жұмыс орындарын квоталау.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар (ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2-ден 4% — ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді.

  1. Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру.

Механизм шеңберінде мүгедектектігі бар адамдарға арналған жұмыс орнын жабдықтаған және арнайы жұмыс орнын құрған жұмыс берушінің шығындары өтеледі.

2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің шығыстары 300 АЕК (1 млн.теңге) мөлшерінде бекітілді және өтеледі.

Бұдан басқа, жабдықталған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады:

  • бірінші жылы жалақының 70% — мемлекет субсидиялайды (бұл ретте субсидияланатын бөлік 30 АЕК-тен (103,5 мың теңге) аспауға тиіс), 30% — жұмыс беруші субсидиялайды;
  • екінші жылы 65% — мемлекет, ал 35% — жұмыс беруші;
  • үшінші жыл 60% — мемлекет, ал 40% — жұмыс беруші.
  1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылады.