НЕГЕ ӨМІРДІ ЖИНАҚТАУШЫ САҚТАНДЫРУ ДЕПОЗИТТЕН ПАЙДАЛЫ?
Қазақстандық банктердегі долларлық депозиттердің мөлшерлемесі жылдан жылға төмендеп келеді. Нәтижесінде халық теңгедегі депозитке ақша аударымдарын жасап, бірақ бағам айырмашылықтарынан ұтылады. Бүгінгі таңда «Халық-Life» АҚ-ның «Халық-Қазына» бағдарламасының арқасында клиенттер АҚШ долларымен 4,2%-ға дейін кіріс ала алады.
Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктердегі шетел валютасындағы депозиттер бойынша орташа кірістілік 1%-ға дейін жететінін ескерсек, шетел валютасында жинақтары бар немесе осындай жинақтауды жоспарлап отырған, сондай-ақ шетел валютасындағы депозиттер бойынша төмен мөлшерлемелерге көңілі толмайтын клиенттер санаты бар. Сондықтан олар инвестициядан жоғары қайтарымдылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өз жинақтарын инвестициялаудың жаңа жолдарын іздейді.
Мұндай клиенттер үшін «Халық-Life» АҚ «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру бағдарламасына инвестициялауды ұсынады, ол клиентке сақтандыру мерзіміне байланысты инвестицияланған қаражат бойынша шетел валютасында жылына 4,2%-ға дейін кіріс алуға мүмкіндік береді, ол шетел валютасындағы депозит бойынша кірістіліктен айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, мұндай сақтандыру бағдарламасы клиентке инвестицияның бүкіл мерзіміне сенімді өмірді сақтандыруға кепілдік береді.
Шын мәнінде, «Халық-Қазына» өнімі бойынша өмірді сақтандыру шартын жасау арқылы клиент алдын ала есептелген табыстылық пайызы бойынша қаражатты бір жолғы ақша салымдарымен инвестициялайды. Табыстылық мөлшері сақтандыру мерзіміне байланысты. Мерзімі ұзағырақ болса, кепілдендірілген кірістілік деңгейі соғұрлым жоғары болады.
Көптеген клиенттер сақтандыруды қайтарылмайтын инвестиция деп ойлайды. Егер, мысалы, сақтандыру жағдайы орын алмаса, онда салынған ақша қайтарылмайды. Бұл жағдайда «Халық-Қазына» өнімі қалай жұмыс істейді? «Халық-Қазына» бағдарламасы — өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы болып табылады, бұл дегеніміз сақтандыру жарнасын төлегеннен кейін есептелген кірісті ескере отырып, клиенттің өмірі жинақталған сомаға сақтандыратындығын білдіреді.
Сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін осы жинақталған сома клиентке толығымен қайтарылады. Егер сақтандыру мерзімі ішінде сақтандыру шартында көрсетілген кейбір шектеулерді қоспағанда, клиент қандай да бір себептермен қайтыс болса, онда барлық сома есептелінген пайданы есепке ала отырып, шартта пайда алушы ретінде көрсетілген тұлғаларға төленеді. Бұл жағдайда мұрагерлік құқығының күшіне енуін күтудің қажеті жоқ, өйткені төлем сақтандыру компаниясымен барлық құжаттық рәсімдерді реттегеннен кейін дереу жүзеге асырылады.
«Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша ақша жинақтарын ашудың негізгі шарттары қандай?
- Салымның ең аз сомасы теңгедегі баламамен 1000 АҚШ долларын құрайды.
- Негізгі шарт – ақшалай қаражатты енгізу төлем күні Ұлттық Банк белгілеген АҚШ долларының бағамын ескере отырып, теңгемен бір жолғы төлеммен жүзеге асырылады. Шарт бойынша қосымша инвестицияларға рұқсат етілмейді. Алайда, егер қаласа, клиент әрқашан жаңа мерзімге жаңа сақтандыру шартын жасаса алады.
«Халық-Қазына» сақтандыру бағдарламасының маңызды ерекшелігі өмірді сақтандыруға инвестицияланған қаражатты өндіріп алуға болмайды, яғни некені бұзу кезінде мүлікті бөлу кезінде даудың нысаны болып табылмайды, сот арқылы тыйым салуға болмайды, клиенттің қарыздары бойынша үшінші тұлғаларға берілмейді.
«Халық-Қазына» сақтандыру өнімінің негізгі артықшылықтары:
- қаражат клиентке шетелдік валютада 4,2%-ға дейін инвестициялық кіріс әкеле алады;
- осы бағдарлама бойынша клиенттің қаражаты өтімді болып табылады — клиент кез келген уақытта шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезінде өтеу сомасын ала алады немесе жеңілдетілген талаптармен өтеу сомасымен қамтамасыз етілген қарыз алуға өтініш бере алады;
- қаражат үшінші тұлғалардың шағымдарынан қорғалған;
- Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде дене жарақаттары/денсаулық жағынан қиын мәселелер туындаған жағдайда қаражат клиентке жақсы сақтандыру қорғаныстарын қамтамасыз етеді.
Неліктен «Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша өмірді жинақтаушы сақтандыру депозитке қарағанда тиімдірек?
«Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша өмірді сақтандыру шарты, біріншіден, клиентке шарттың бірінші күнінен бастап бүкіл сақтандыру мерзіміне инвестициялық кірісті қоса алғанда, бүкіл сақтандыру сомасы бойынша сақтандыру қорғаныстарын қамтамасыз етеді және бұл опция депозиттерде жоқ; екіншіден, клиентке сақтандыру мерзіміне байланысты 4,2%-ға дейін қосымша табыс алуына кепілдік береді, бұл шетел валютасындағы депозиттерге қарағанда жоғары, үшіншіден, жинақтарды теңгенің АҚШ доллары бағамына қатысты ауытқуларынан қорғайды.
«Халық-Қазына» сақтандыру шартын жасасуға қатысты сұрақтарыңыз бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Аралов Марат Абаевич телефон: 8705 722 18 18