Еңбек адамы Әзімхан Бекбатыр
Әзімхан Бекбатыр Тастемірұлы 1996 жылы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүние есігін ашқан. Шаян ауылындағы орта мектепті бітіріп, 2014 жылы Қарағанды қаласындағы академияға оқуғытүсіп, ол жерді 2018 жылы аяқтаған. Сосын Шымкент қаласында еңбекші полиция бөлімінің тергеушісі болып тағайындалып, 2 жыл сол жақта жұмыс істеген. Қазіргі таңда Сауран ауданы полиция бөлімінің көші-қон тобы халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінде қызмет атқарады.
Азаматтар жеке күйлікпен келіп құжаттанады, төлем жасалынады 690 теңге. Төл құжатқа 27600 теңге төлеп ала алады, тегі ауысқан жағдайда неме құжаттарын жоғалтып алса, біздің бөлімге келіп, өтініш жасай алады, біз оларды қайтадан құжаттандырып береміз. Жұмыс уақыты таңғы 9 дан, кешкі 18:00 ге дейін жалғасады.
Кейіпкеріміздің бір күндік жұмыс күні қалай өтетіні жайлы да сұрап, білдік.
Бекбатыр мырза Түркістан қаласында тұрғандықтан, күнде таңертең сағат 07:00 де Сауран ауданына қарай жол тартады, полиция бөлімінің таңғы жиналысына қатысады, жинадыс сағат 08:00-08:30 аралығында өтеді, одан щығып, кейіпкеріміз халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, азаматтарды қабылдай бастайды. Түскі асқа дейін жұмыс жалғасады, 13:00 де түскі асқа шығады. Одан кейін тағы өз жұмысына кірісіп кетеді. Кешкі 18:00 ге дейін азаматтарды өабылжап, өтініштері бойынша құжаттандырып отырады. Бір күнде орташа есеппен 50-60 шақты азамат келеді. Халықпен жұмыс жасау барысынжа түрлі келеңсіздіктерге тап болатын кездері де бар, мінезі әр түрлі адамдар келеді, кезек күткісі келмейтіндері де бар, бірақ Бекболат мырзаның мұхбатынан, өз жұмысын ерекше ықыласпен істейтіні байқалады, мен бұл саланы таңжағаныма өкінбеймін, мамандығым өзіме ұнайды дейді, кейіпкер!
Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы — еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы — заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді.
Бұл нысанның әлеумет үшін маңызы зор. Себебі, бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы алтын уақытын сарп ететін халық бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық құжаттарын бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып жүрген жастар.
Халықпен тікелей жұмыс жасап, құжаттарды дер кезінде дайын етіп, сапалы қызмет көрсете білу қай кезде болсын ең маңызды мәселе. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын (ХҚКО) құру және оларға мемлекеттік органдардың қызметтерін ХҚКО арқылы жүзеге асыруға болатын – белгілі бір қызметті алу үшін жүгінген азаматтарға «бір терезе» арқылы қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік берді.
Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді, әрдайым табысты болу үшін кез келген ұйымның жұмысында клиентке бағдарланушылық бірінші кезекке шығады. Қызмет сапасын бақылау мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар механизмдерді әзірледі.
Заманауи және әркетті құралдардың бірі ахуалдық талдау орталығы болып табылады. Заманауи орталық онлайн режимінде бейне-мониторинг жүргізу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлеріне кеңес беру көмегін көрсету және сыбайлас жемқорлық белгілерін жою үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуалдық орталығының жиырма жұмыскері еліміз бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылай отырып, әрдайым халыққа қызмет көрсету орталықтарына бейнебақылау жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда ахуалдық орталыққа мемлекеттік корпорацияның барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қосылған. Сонымен қатар ахуалдық орталық шалғайдағы ауылдық аймақтарға қызмет көрсететін мобильдік ХҚКО-лардың жұмысын бақылап, нақты уақыт режимінде олардың геолокациясы мен жүріс бағдарын анықтайды
2018 жылдың жазында елімізде тұңғыш рет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы іске қосылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 10 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды деп баса мән берді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының көздеген басты мақсаты — халықтың ауыртпалығын жеңілдету екені белгілі. Мәселен, бұрындары ел халқы қағазбастылықтың құлы болып, бір парақ анықтама үшін ауылдан аудан орталығына, ауданнан облысқа сабылатын болса, енді «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында компьютер арқылы тұрған жерінен керек құжатына қол жеткізе алады. Халықтың жүгін жеңілдеткен айтулы жобалардың бірі — Халыққа қызмет көрсету орталығы. Бұл орталық бұрынғы бір анықтама үшін он мекеменің табалдырығын тоздыратын көне жүйені өзгеріп, халықтың жүгін жеңілдетуге бағытталған.
Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы — еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы — заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді.
Бұл нысанның әлеумет үшін маңызы зор. Себебі, бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы алтын уақытын сарп ететін халық бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық құжаттарын бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып жүрген жастар.
Елбасының бұл жобаға ерекше мән беріп, атап өтетіндейі де бар, IT қарыштап дамып, ақпарат алмасу күніге түрленіп отырған қазіргідей заманда сандық технологияларды дамытпасақ, әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарынан көріну қиял болып қалары анық. Себебі, қазіргі кезеңде көшбасшы елдердің барлығы сандық жүйеге көшіп, экономикасының дамуына һәм халқының әл-ауқатының жақсаруына сеп болып отыр.
Мәселен, биыл ақпан айынан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында көлік жүргізушілері үшін «Тегін қызметке ақы төлеме!» акциясы ұйымдастырылды.
Тұрғындар арасында өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараны мемлекеттік корпорация қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, Полиция департаментінің өкілдері, Прокуратура және «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге өткізді. Шара барысында ұйымдастырушылар азаматтарға құжаттарды делдалдардың көмегінсіз рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Барлық азаматқа ауызша кеңеспен қатар мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жолдары көрсетілген үнпарақтар таратылды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері азаматтар онлайн түрде жүргізуші куәлігін алмастырып, электронды үкімет порталы арқылы автокөлікті қайта тіркей алатын болған. Бұл көлік жүргізушілерінің уақытын айтарлықтай үнемдейді және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі жоғалады.
Төрт жыл бұрын ҚР Президентінің Жолдауында мемлекеттік органдардың халықпен «бір терезе қағидаты» арқылы жұмыс атқаруы міндеттелген. «Бір терезе қағидатының» бірқатар ерекшелігінің бірі — уәкілетті органдардың қызметкерлерімен арадағы байланысқа шек қойып, сол арқылы сыбайлас жемқорлықты азайту. Бүгінде мұндай орталықтарда 57 қызмет түрі бойынша халыққа қызмет көрсетіліп келеді. Болашақта 132 қызмет енгізілмек.
Орталық күніне 800-1000 адамға дейін қызмет көрсетеді. Тұрғындар көбінесе құжаттандыру, қалада тұрғылықты мекен-жайға тіркеуге тұру және шығу мәселесімен, сондай-ақ жылжымайтын мүліктерді тіркеу, істі болған-болмағандығы туралы анықтама алу үшін келеді. Бүгінгі таңда аты-жөнін ҚР Президенті Жарлығына сай, ұлттық негізде жаздыруға ықыластылар саны арта түсті. Аудан көлемінде кәмелеттік жасқа толып, төлқұжат алып жатқандар қатары көбейіп отыр. Сондай-ақ қалаға тіркеуге тұрушылар еселене түсуде. Ал ең бастысы — табиғи өсім көбейіп отырғаны назар аударуға тұрарлық.
— Бұл қызметтердің ерекшеліктері көп, бірақ, ескеруге тұрарлық артықшылығы бар. Дамыған елдерде халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтардың өзіне қатысты мәліметті игеріп, құжат саласын реттеуге және уақытын үнемдеуге ықпал етеді. Осы тәжірибені ұстанған біздің орталық құжат саласындағы барлық қызмет түрін бір салаға жинақтауда және оны жүзеге асырушы мекемелерге жеткізуді реттеуші мекеме ретінде өзін өзі ақтады.
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды.
Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету — бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» — деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.
Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Биылғы Жолдауында мемлекет басшысы: «ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды», — деген болатын. Мемлекеттік қызметте қағаз бастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз рас. Осыған байланысты Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының ар-туына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.
Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.
Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Елбасының айқындап берген тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.
Қабылданған Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген. Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген. Яғни, уәкілетті органға қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақытылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақытылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.