Күміс жас: Жоба көпке пайдалы
Қалай десек те, орта жастағыларға кәсіби біліміне сай жұмыс табу оңай емес. Осы мақсатты ұстанған орта буындарға Үкімет «Күміс жас» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама елу жастан асқандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылының тұрғыны Махатов Оспан Арапбаевич «Күміс жас» жобасына сәуір айында жұмыссыз ретінде тіркеліп, мамыр айында еңбек нарығының сұранысына сәйкес «Мұса» шаруа қожалығына жұмысшы болып жолданды. Қәзіргі таңда аталған бағдарлама аясында жұмысын атқарып жүр. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша Күміс жас жобасына 30 АЕК көлемінде еңбекақы төленеді.
«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздар жолданады.
Махатов Оспан Арапбаевич бағдарламаға қатысқанына ризашылығын білдіруде.
Айта кетерлігі, «Күміс жас» бағдарламасы үш жылға ұласады. Бұдан бұрын бағдарламаға зейнет жасына шығуға екі жыл қалғандар қатысатын. Жаңа талапқа сәйкес 50 жастан асқандар да жұмыспен қамту орталығына барып, білімін жетілдіріп, жұмысқа тұра алады.