«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫН КӨРУДЕМІН

Жақында халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2029 жылға дейін ұзартылды. Аталған құжат 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек болатын. Үкімет мерзімін ұзартқан бағдарлама қазақстандықтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған.«Халықтың табысын арттыру бағ­дар­ламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақ­ты және мақсатты болуы керек. Әрбір бас­қару деңгейінде кедейлікті азай­ту­дың нақты көрсеткіштері белгіленуі тиіс. Жұмысқа мұқтаж азаматтардың нақ­ты санын анықтау қажет» – деген Президент тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан бағдарлама 5 бағытты қам­тиды.

Олар: өңірлік жұмыспен қам­ту карталары шеңберінде эконо­ми­ка­ның нақты секторында жұмыс орнын құ­ру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асы­ру шеңберінде ауыл тұрғындарының кі­рісін арттыру, табыс деңгейін арт­ты­ру­ды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау ша­ралары, бюджет қаражаты есебінен жа­­­лақыны көтеру бойынша мін­дет­те­мелер, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.  «Жастар практикасы» әлеуметтік қолдауға мұқ­таж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыс­пен қамтуға мүмкіндік береді.

– «Жастар практикасына» оқуды ен­ді бітірген, мамандығы бойынша әлі тә­­­жірибесі жоқ жастар қатыса алады. Бағ­дарламаға қатысудың бір шарты – оқу бітіргеніне 3 жылдан аспауы керек. Яғ­ни, мектеп пен колледж бітірген жас­тар да қатыса алады. «Жастар практикасының» басты мақ­­саты – колледж немесе ЖОО жас­тар­ды мамандығы бойынша жұмысқа ор­наласуға көмектесу, жұмыс істеуге бейім­деу. Яғни, алғашқы жұмыс тәжі­ри­бесін жинауға мүмкіндік беру. Жұмыс тү­рі әр өңірде әрқалай. Жұмыс беру­ші­лер арасында мемлекеттік мекемелер, же­кеменшік компаниялар мен зауыттар бар. «Жастар практикасына» келгендер қай мекемеде тағылымдамадан өткісі ке­летінін айтып, өтініш білдірсе болады.

Алай­да бір айта кетерлігі, жастар жұмы­сы ауыр кәсіпорындарға, зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді. Бағдарлама аясында практикаға қа­­­­былданған жас түлек өзін жақсы қы­ры­нан танытып, қабілет-қарымын көр­се­те алуы тиіс. Өйткені жұмыс беру­ші­нің талабы маңызды. Жұмысқа келген жас­ты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сіл­тейді. Жас маман жауапкершілігін, талабы мен жұмысқа деген қызығушылығын та­­нытса, жұмысқа тұрақты орналаса ала­­ды.

Осы орайда,  Отырар ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту іс-шаралары белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Үкіметіміз еліміздегі жұмыссыздық мәселесін шешу бағытында бірқатар бағдарламалар қабылдап, түрлі жұмыстар атқаруда. Әсіресе, жұмыссыз жастарды қолдау мақсатымен «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» секілді бағдарламалар жастардың жұмысқа орналасып, тәжірибе жинақтауына үлкен серпін беруде. Мысалы «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» жобасына қатысушы Балтакөл ауылының тұрғыны, мен Маханбет Бекзат Болатханұлы жоба аясында наурыз айынан бастап, «Алтын» шаруа қожалығына жұмысшы болып жұмысқа орналастым.
Қазіргі таңда аталған бағдарлама аясында жемісін көріп отырмын. Аталмыш бағдарлама бойынша ай сайын 30 АЕК көлемінде мемлекеттен субсидиялық қаржы алып отырмын. Мен келешекте осы мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып, өз кәсібін ашсам деген ниетім бар. Әрине, алдына үлкен мақсат қойып, бар ықыласымен талаптанған азаматтар қашанда өз дегеніне жетеді. Арманы асқақ, мақсаты биік жастарымызды түрлі бағдарламалар арқылы мемлекетіміз де жан-жақты қолдау білдіруде.
Үкіметіміздің осы жасап отырған қамқорлығын пайдалана отырып, өзім секілді азаматтардың жұмысқа орналасып немесе жеке өз кәсіпкерін ашуына шын жүректен тілектеспін.
Бүгінде еңбек етемін деген жандарға мүмкіндік мол. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланса болғаны. Абай атамыз «адам бол, мал тап» дейді. Демек мал табу үшін әр жанның ынта-ықыласы ғана мақсатқа жеткізбек.