ОТЫРАР: МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне Шәуілдір ауылының тұрғындары Г.Сахиева мен К.Байболовадан жол мәселесі бойынша келіп түскен өтінішке байланысты аудандық мәслихаттың депутаты Н.Орынбасар, Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғ.Қыдыр, партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің кеңесшісі Н.Боранбайұлы аталған өтініш иелерінің тұрғылықты мекен жайына барып жағдайды көзбен көріп тұрғындармен кездесіп қайтты.
Бұған дейін белсенді ауыл жастары қайырымдылық қорын ұйымдастырып аталған өтініш иелерін яғни 2 отбасын басбанамен қамтамасыз еткен, сол кезеңде бұл қайырымдылыққа депутат Нұржан Орынбасарұлы өз тарапынан қомақты үлесін қосқанын атап өкеніміз жөн.
Жағдаймен танысуға барғанымызда, бұл мекеннің инфроқұрылымы енді басталып жатқандықтан әліде атқарылатын жұмыстардың көп екендігін байқадық, көшені асфальттау, жарықтандыру, газ құбырларын тарту, жарық желілерін қалыпқа келтіру, абаттандыру сияқты ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
Ауыл әкімі мен депутат тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сәтін салса бұл жұмыстарды келесі жылдың жоспарына енгізіп, тұрғындардың жағдайы барынша жасалынатын болады.