ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы семинар-кеңес өтті. Мемлекеттік қызметті мерзімінде сапалы көрсету, қызмет алушыларды әуре-сарсаңға салмау, жауапты мамандардың жауапкершілігін шыңдау мақсатында өткен семинар-кеңеске ауыл округі әкімі аппаратындағы жер қатынастары саласына жауапты мамандар, аудандық жер қатынастары бөлімі мен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметкерлері қатысты.
Жиында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» № 301 бұйрығына енгізілген өзгерістер талқыланды.
Өзгерістер нәтижесінде туындаған мәселелер туралы жауапты мамандардың пікірі тыңдалып, тиісті органдарға ұсыныстар жолданатындығын жеткізді.