ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылаулар жүргізу ұсынылған.
Отырар ауданы әкімі аппараты және «Мүгедектер қоғамдық бірлестігі» төрағасы С.Сартаевтың қатысуында «Темір ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына кезекті қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісіндегі және ішкі жағдайлары мен қызмет алу орындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы болу жағдайларына мән берілді. Бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысып, қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, көрсетілетін қызметтердің қағида, стандарт мәтіндері мен өтініштерді толтыру үлгілерін ғимараттың көзшолымды орындарына орнату, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жай-күйі, мемлекеттік қызмет алу кезінде кезекті ұзақ күтуін барынша болдырмау және тағы басқа осы саладағы мәселелер қаралды.
Бақылау нәтижесімен анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар енгізіліп, тез арада ретке келтіру ұсынылды.
Әлеуметтік саласындағы мемлекеттік қызметтер алушыларды қабылдап, әсіресе мемлекеттік қызметті алуындағы сапасымен пікір алмасты. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрінде алуы назарға алынды. Қызмет алушылар мемлекеттік қызметке жауапты мамандарының мемлекеттік қызмет алу барысында толық ақпарат берілгеніне бағасын берді.
Қызмет алушыларға үйден шықпай-ақ интернет көмегімен Egov порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы электронды түрінде мемлекеттік қызмет алуы талқыланды.
Айта кету қажет, аудан әкімдігі тарапынан алдағы кезеңде халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бақылауда болады.