ЕҢБЕК АДАМЫ: Шарафиддинов Аскар
Кейіпкер Шарафиддинов Аскар 1986 ж Ескі Икан ауылында туған Ясауи атындағы жалпы орта мектепте білім алған, 2003-2008 жылдар аралығында Шымкент каласы ХД университетінде оқыған. 2017 жылы жұмысқа орналасқан. Қазір Рахманкул Бердібай атындағы жалпы білі беретін мектепте жұмыс істейді. Мамандығы ағылшын тілі мұғалімі ( өтілі 8 жыл) Жетістіктері: өзі мұғалімдер арасында өтетін түрлі сайыстар мен олимпиядаларға катысып, жүлделі орындар алып келеді, бірақ, окушыларының жетістіктері жоқ. Ағылшын тілінен облыстық нем республикалық деңгейдегі олимпиадаларға катысу, одан жүлдемен орату, ауылдық жердегі окушыларға шамалы киындау дейді.
Күн сайын ілгерілеп, қарқындап келе жатқан бұл қоғамда көп тіл білудің маңызы зор. Тарихқа үңілсек, қазақ жерінен шыққан ұлы тұлғалардың көбі көптеген тілдерді еркін меңгергендігін атап өтуге болады. Солардың бірі әлемнің «екінші ұстазы» — Әбу Насыр Әл Фараби 70-ке жуық тіл білген екен. Мінекей, осы қазіргі жаһандану дәуірінде дамудың даңғыл жолына түсу кезеңінде ағылшын тілінің шоқтығы биік. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі, орыс тілі – ұлтаралық тіл, халықаралық тіл ағылшын тілі болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап есептесек, Қазақстанда ағылшын тілін басымдылығы 10 есе өскен. Ағылшын тілі дүние жүзінде қолдану аясы жағынан қытай мен испан тілдерінен кейінгі 3-орында тұр. Бірақ, таралуы, экономика, ғылым тілі бойынша өзгелерді шаң қаптырады.
Ұлы Абай Құнанбайұлының өзі : Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,-деген екен. Ал, тек қазақтың игілігін ғана емес, барша адамзат баласына жақсылық әкелу үшін, олардың ортақ тілін білу өте маңызды. Бұл орайда ағылшын тілінің мәртебесі биік. Басқа мемлекеттер секілді Қазақстанда да ағылшын тілін дамыту стратегиясы дұрыс жолға қойылған. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде тереңдетіп оқытылады. Тіпті, ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады.
«Ағылшын тілінің пайдасы мен маңызы»
Қазір елімізде көп тілді білім беруді енгізу жұмыстары басталып кетті. Көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет.
Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған тиімдірек. Неғұрлым көп істеп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.
Балабақшадағы балаларды ағылшын тіліне үйретуге арналған бағдарламалар бар. Осы бағдарлама бойынша ағылшын тіліне оқытудың мақсаттары белгілі бір ағылшын тілі бойынша оңай біліктіліктерге үйрету, яғни, қарапайым әңгімені түсінуге үйрету және ағылшын тілінде сөйлеуге үйретуге негізделеді. Ағылшын тілін үйрету балалардың ой өрісінің дамуына себепші болады.
Алайда мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады,себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және тағы да басқалары қолданылады.
«Ағылшын тілін үйренуге 10 себеп»
Еңбек нарығындағы «бағаңыздың» өсуі. Қазір жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. Ал кейбір шетелдік компанияларда бұл тіпті талап ретінде қарастырылады. Жақсы жұмыс иегері боламын десеңіз, қазірден бастап ағылшын тілін үйреніңіз.
Ми жаттығуы. Шет тілін игеру — миға деген керемет жаттығу. Ақпарат ғасырында адамға жақсы ес, жаңа ойлар қажет. Ол үшін мидың жақсы жұмысы артық болмайды.
Аудармасыз-ақ шет ел киноларын қарау. Кабельді телеканалдардан көптеген елдердің бағдарламаларын, киноларын ағылшынша көре аласыздар. Тек өз еліңіздің ақпаратымен ғана емес, әлемдік жаңалықтардан, мәдениеттен хабардар боласыз. Аудармасыз фильм қарау арқылы оны тереңірек түсініп, көбірек әсер ала аласыз.
Шет ел музыкасын тыңдау. Сөзсіз ағылшын тіліндегі классикалық та, заманауи туындылар да әлемдік танымалдыққа ие. Сүйікті әншіңіз не жайлы ән айтып жатқанын түсіну арқылы оның шығармашылығын толықтай бағалай аласыз.
Шет елде демалыста жергілікті тұрғындармен тілдесе алу. Шет елдің қайсысына барсаңыз да, ағылшын тілі қолданыста болады. Адамдарды түсініп, сол елдің тұрмысы жайлы көбірек ақпарат, ал демалысыңыздан көбірек әсер ала аласыз. Таныс емес жерден жоғалмай, керек жерді таба аласыз.
Ағылшын тілдегі әдебиет оқу. Әлемдік әдебиеттің танымал туындыларының орыс, қазақ тіліне аудармасын оқып жүрсіз. Алайда оның түпнұсқасын ағылшын тілінде оқығанға не жетсін? Сіздің мамандығыңыз бойынша әдебиет тек ағылшынша шығып, орысша, қазақшаға аударылғанша бір-екі жыл өтеді делік. Өз салаңыздағы жаңалықтардан қалмай, онымен уақытылы танысып отыру үшін сізге бар керегі — ағылшын тілін білу. Арнайы бір салаға маманданған сайттар да көбінде ағылшынша. Демек ағылшын тілін білу арқылы қажет ақпаратты ала аласыз.
Ортаңыздың өсуі. Ағылшын тілді форумдар мен сайттарда жүріп, талай жаңа адамдармен танысуға болады. Олармен ағылшынша тілдесіп, өз біліміңіз бен тіл ерекшеліктерін жақсарта аласыздар.
Жаңа қызығушылық табу. Әр адамның өзіне тән қызығушылықтары бар. Ол өміріне қызық сәттер қосып, оны күнделікті істерден алаңдатады. Сіз үшін бұл хобби — тіл үйрену болсын.
Қосымша табыс көзі. Ағылшын тілін жақсы игерсеңіз, тек өз жұмысыңызда ғана сәттілікке жетіп қоймай, басқа да табыс көздерін таба аласыз. Мысалға реферат, диплом жұмыстары, арнайы әдебиетті аудару жақсы табыс әкеле алады.
Қосымша мүмкіндіктер. Шет тілін білу сізге қосымша мүмкіндіктер ашады. Шет елге оқуға түсу, машықтануға шет елге барып келу және басқа да тосын мүмкіндіктер пайда болуы әбден мүмкін.
Сабақтарды жаңаша әдісте өту үшін фейсбукка кіріп мәліметтер і ютубтан материалдар алады, сабак барысында окушыларының өздері тауып келгенін қалайды, сондктан оларды өз еркіне жібереді, тапсырман ортаға тастайды, шәкірттері фантазияларына, идеяларына қарай тапсырмаларды орындап келеді.