ЕҢБЕК АДАМЫ: Муяссар Зарбитдинова Маматсабирқызы

 

Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді.
Ел президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың ұстаздар қауымының алдында айтқан мына бір сөзі осының дәлелі. Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті. Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деген сөзі бар. Осы ретте жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәр¬бие¬леу – осы күннің негізгі міндеті. Алдымызда тұрған құбылмалы заманда жаста¬рымыз еңбекқор болмаса, еш¬қандай бәсекеге түсе алмайты¬нын терең түсінуі керек. – Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революциялар адамзаттың өмірін өзгертуде. Сондықтан білім беру жүйесі жаңа өмірге тез бейімделуі қажет. Әлемдегі жетекші мектеп¬тер балалардың креативті әлеуетін дамытумен айналысады, сандық технологиялар мен нақты ғы¬лым¬дарға үйретеді, – дей келе, Қазақстанның дамыған ел қатар¬ына қосылуының кілті сапалы, қолжетімді және заманауи білімде екенін айтты. Бұл үшін осы саланың дамуына жаңа, қуатты серпін беру маңызды.
– Бұл – ең алдымен мұға¬лім¬дердің біліктілігіне, оқулық¬тардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оны шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек. Білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі – ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің есепке алынбайтыны. Бүгінде мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан дамыту Білім және ғылым министрлігінің сала¬лық құрылымдары өткізетін курстар¬мен және семинарлармен шек-теледі. Мұндай шаралардың қажет екені түсінікті. Дегенмен, аталған курстарда мұғалімдер қауымын толғандыратын өзекті мәселелер назарға алынбай қалады, – деді Қ.Тоқаев. 2018 жылғы сертификат-таудан өткізу нәтижесінде пед¬а¬гогтардың 35 пайызы шекті дең¬гейден өте алмағанын, мұғалімнің дайындық деңгейін бағалаудың бюрократиялық, біржақты іске асырылатынын алға тартты. Мемлекет басшысы атап өткендей, жағымсыз нәтижелер жағдайында педагогтар оқу ошақтарының басшылығы тарапынан қысымға ұшырайды, себебі бағалар мектеп рейтингіне әсер етеді. Осы орайда Үкіметке аталған мәселелерді шешу бойынша шұғыл және түбегейлі шаралар қабылдауды шегелеп айтты.
– Тәрбие – сапалы білімнің негізгі арқауы, діңгегі. Әл-Фара¬бидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі барша білім саласы қызмет¬кер¬лерінің бой түзер бағдары болуы тиіс. Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар мемлекеттің озық инно¬ва¬цияларға сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің а묬дында тұрған маңызды мін¬дет. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз та¬ри¬хыңа құрметпен қарауға тәрбие¬леп, ұлттық құндылықтарды дәріп¬теуі тиіс. Кең ауқымда өтіп жат¬қан «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясын дәл осындай бағыттағы өте қажетті, дұрыс бастама деп санаймын. Мұндай шараларға әрқашан қолдау көрсете береміз, – деді Мемлекет басшысы. Осы ретте балаларға экологиялық таным-түсінік беру арқылы таби¬ғатты қорғауға тәрбиелеудің мବңыз¬ды екенін жеткізді.
– Мемлекеттік емес мектепке дейінгі шағын ұйымдарда тәрбие-білім беру процесі іс жүзінде жоқ. Тәрбиешілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын әрдайым басшылыққа алмайды. БАҚ-тың материалдарынан біз балаларды ұрып-соғу жағдайлары туралы жиі білеміз. Үкіметке мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті, бұған қоса заңнамалық шаралар қабылдауды тапсырамын, – деген Қ.Тоқаев осыдан соң балалар мен жасөспірімдер ара¬сындағы суицид мәселесіне тоқ¬талып, оның себебі неде екенін ойлануымыз керегін тілге тиек етті.
– Орта білім беруді дамыту стра¬тегиясын айқындау қажет. Бүгінде әлемде 12 жылдық білім беру¬ге арналған жалпы орта білім берудің белгілі бір стандарты қа¬лыптасты. Бастауыш сыныптарда оқыту ұзақтығын арттыру үр¬дісі сақталуда, әлем мектеп¬терінің 60 пайызында білім беру 6 жастан басталады, бұл бала¬ның ерте интеллектуалды дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді. Үкіметке білім мен ғы¬-лымды дамытудың 2025 жыл¬ға дейін¬г¬і жаңа мемлекеттік бағ¬дар¬ла¬-масын іске асыру шеңберінде 12 жылдық үлгіге әбден ойлас¬тырып, бірқалыпты көшірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, кәсіптік-техникалық білім беру саласы қай бағытта қозғалып бара жатқанын түсінген абзал. «Жас маман» жо¬басының да баяу қадаммен жүзеге асып жатқаны алаңдатады. Аталған жобаны іске асыру тетігі толық жүргізілмеген. Мамандықтар тізі¬мі бекітілмеген. Жобаны іске қосу үшін Үкімет нақ¬ты мер¬зімдерді атап, нақты әре¬кет алго¬ритмдерін ұсынуы керек.
– Тағы бір өзекті мәселе – уа¬қыт талабы мен еңбек нарығының қа¬жет-тіліктеріне қарай арнаулы орта оқу орындарын жаңғырту. Тәжі¬рибе көрсеткендей, қолданыс¬тағы колледждердің материалдық-техникалық қайта жарақталуына басымдық беру – ресурстарды шы¬ғындайтын тәсіл. Сондықтан Үкімет¬ке колледждерді ірі кәсіп¬орындар арқылы сенімді басқаруға көшіру, дуалды оқытуды дамыту, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріндегі стратегиялық бағ¬дарларды айқындай отырып,
типтегі ұйымдарды дамыту ісін кешенді түрде қарауды тап¬сырамын, – деген Қ.Тоқаев кәсіп¬орынның сенімді басқаруына кө¬шірілген кәсіптік-техникалық оқу орнының жарқын мысалы ретінде Президент сайлауы қар¬саңында жұмыс сапарымен бар¬ған Атыраудағы мұнай-газ саласына кадрлар даярлайтын APEC PetroTechnic колледжін атап өтті.
Расында, білім саласы жауапты әрі күрдел сала. Осы жолда тер төгіп жүрген еңбек адамдарының қосатын үлесі де өте маңызды. Жоғарыда мемлекет басшысы атап өткен ойлар мен кейбір мәселені мамандардың өздерінен есту үшін білім ордасына бас сұққан едік. Кейіпкеріміз Муяссар Зарбитдинова Маматсабирқызы Түркістан облысы, Ескі Иқан ауылында 1973 туған. Қ.А.Ясауи атындағы жалпы орта мектепте білім алып, алтын белгімен бітірген. Низомий атындағы ТМПУ де өзбек тілі мен әдебиеті мамандығында оқыған. Сосын өзі оқыған мектепке мұғалім болып келеді. Осы салада жұмыс істеп жүргеніне 30 жылдан астам уақыт болған.

Жетістіктері: облыстық пән олимпиядасында 1-орын алған, Ыбырай жазбалары басталған кезде алғашқылардың бірі болып қатысып, облыс бойынша 3-орынды алған. Ясауи хикметтері бойынша эссе жазудан облыс бойынша 1-орынды қанжығасына байлаған. Шәкірттері Фархадова Хушнозбегим ғылыми жоба жазып, халықаралық деңгейде 2-орын алған, өзбек тілі пән олимпиядасынан облыста жүлделі орын алған. Ибрагимова Наргиза облыстық олимпиядадан 3-орын алған. Хайтметова Мукаддас облыстық пән олимпиядасында 1-орын алған.

Бұл салаға келуіне ұстазы Фарход Рахимов септігін тигізген. Басында баска мұғалімдер сияқты бұл мамандықтың қиындығын көрген, окушыларына айқайлап берген кездері де болған. Уакыт өте келе балалармен тіл табысып. бейімделіп, окушыларымен бір арнада жүзе бастаған. Өз ойын ортаға салған педагог маман.
Муяссар Маматсабирқызы: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында — ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендердің тұтас легі өсіп-жетілді. Бүкіл әлемді аузына қаратқан ғажайып дарын иелері де бар. Олар – Қазақстанның мәдени келбеті, елімізді халықаралық аренада танытып, Тәуелсіздік құндылықтарын жер жүзіне паш ететін рухани елшілерміз, біздің айрықша күшіміз («soft power»). Осындай азаматтарға қамқор болу – мемлекеттің міндеті. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сонда ғана біз жастардан да сапалы білімді талап ете аламыз. Білімнен басталатын жол – білімге барып тіреледі. «Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан, бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Біз білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуымыз керек». Бұл да президентіміздің айтқан сөзі. Расында да білім саласы заман ағымымен жаңарып, отыруы тиіс деп ойлаймын. «Біздің де мақсатымыз мемлекет тарапынан жасалған жағдайларды тиім пайдалана отырып, саналы, білімді ұрпақ дайындау» деп түйіндеді кейіпкеріміз Муяссар Зарбитдинова.