ЕҢБЕК АДАМЫ: Абдазимова Мархила Саттаровна
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім саласының мамандарына қатысты жиында ұстаздарға қатысты өз ойын былай сабақтаған еді: «»Ғалымдар 2050 жылға қарай қазіргі кәсіптердің жартысына жуығын цифрлық және техникалық жүйелер алмастырады деген болжам айтуда. Сондықтан азаматтарымыз жаңа заманға қажетті дағдыларды үйренуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бұрын «алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсінік бар еді. Енді оның орнын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басуы керек. Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом немесе сертификат емес. Олар іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жас мамандарды бағалайды. Яғни, қызметкердің қолындағы қағазға емес, қарым-қабілетіне мән береді. Сондықтан әр азамат үздіксіз оқуы керек. «Мектебі бар ауылда тіршілік бар» деп бекер айтылмаған. Мектеп бірнеше әлеуметтік нысанның рөлін атқарады. Онда қоғамдық жиындар, мәдени іс-шаралар, спорт сайыстары өтеді. Ауыл мектебі жергілікті жұртты ортақ іске жұмылдырады. Осы орайда кәсіпкерлер қауымына да зор міндет жүктеледі. Қазір мемлекет пен бизнестің серіктестігі арқылы ауыл мектебін жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Осы тәсілмен үш жылдың ішінде кем дегенде бір мың ауыл мектебін керек-жарақпен толық жабдықтау, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету – Цифрлық даму министрлігіне де, облыс әкімдеріне де жүктелетін жауапкершілік. Алты айдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін. Жалпы, білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Ең алдымен, 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет» .
Сонымен қатар, президенттің айтуынша, оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керек. Мемлекеттің тірегі – адал азаматтар. Елімізде осы қағидаға негізделген жаңа қоғамдық этика орнығуға тиіс. Мектеп ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды балалардың бойына сіңіретін орталыққа айналуы керек. бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Осы ретте Президент білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталған болатын. Атап айтқанда, ұстаздардың біліктілігін арттыру керектігін және педагогтердің бүгінде тек пәнді ғана үйретіп қоймайтынын, сондай-ақ балалардың әлеуметтік дағдылары мен эмоциялық интеллектісін дамытуға ықпал ететінін айтты. Осынау жоғары атқа лайық болу үшін мұғалімдер әрдайым кәсіби тұрғыдан дамып, өзгерістерге дайын болуға тиіс.
– Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды. Алайда қазір мектептерімізде мамандар тапшы. Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетпіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар. Мұның бәрі педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет, деді. Осы ретте бізді дәл осы білім саласының бел ортасында жүрген маманды сұхбатқа тартқан едік. Кейіпкеріміз Абдалимова Мархипа Саттарқызы Қ.А Ясауи атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1983 жылы Түркістан облысы, Ескі Иқан ауылында туған. Қ.А. Ясауи атындағы жалпы орта мектептебінде білім алған. Одан кейін Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне оқыған. Университетті 2000-2005 жылдар аралығында бітірген. 2005 жылы Қ.А.Ясауи мектебіне мұғалім болып қызметке тұрған. Бүгінгі таңда магистрант. Енбек өтілі 18 жыл.
Ұстаз болу-басты арманы болған, балалармен жұмыс істеу, олардың сұрақтарына жауап іздеу бұл кейіпкерімізге бақыт сыйлайды. Сондықтан еш ойланбай осы саланы таңдаған. Басқа мамандықта жұмыс істеу мүлдем
ойына келмеген. Мархипа Саттарқызының өз саласында жетістігі де аза емес.
Жетістіктері облыстық сынып жетекшілер байқауында 2-орынды иеленген (2016)
2018 жыпары Ең үздік мұғалім атты байқауға қатысып, 2-орын иегері атанған
2019 жылы Мұқағали тану тақырыбында авторлық бағдарламасы республикалық деңгейде тарқатылды.
2020 жылы Ең білімді педагог байқауына қатысып бас жүлдені жеңіп алып, төсбелгімен марапатталған
Шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық байқауларға тұрақты түрде катысады. 2022-2023 жылы Рашидова Умида, Юлдашева Рухшона,
Амирдинова Шодиёна атты шәкірттері аудндық байқаудан, облыстық байқауға жолдама алып, жүлделі орындармен оралған. ҰБТ да қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдаған шәкірттерін өзі тестке дайындайды 90% оқушысы грантка туседі. Кейіпкеріміз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына қатысты бастамалары мен қолдауларын ерекше атап өтті.
Мархипа Саттарқызы: – Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни бізге зор жауапкершілік жүктелген. Президентіміз мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және беделін арттыруға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөліп жатыр. Ол кісі өз сөзінде: Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз, деген. Қорыта келгенде елімізде ұстаздарға барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Біздің мақсат ұлтқа аянбай адал қызмет ететін, білімді әрі тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу.