Еңбек адамы :Халметова Наргиза Юлдашевна

Жұмыр басты адам баласы жер бетін жайлағалы бері жаһанның жұмбақ сырларын ашуға деген құлшынысы әсте бір толастаған емес. Қоршаған ортаның құпиясына қанығып, тылсым сырын терең тануға деген талпынысы үлкен ізденіске жол ашып, ғылым-білімнің қалыптасуына алғышарт та бола білгені жасырын емес. Одан беріде он сегіз мың ғаламның қисапсыз құпиялары ашылды. Қаншамасы зерттеліп, зерделену үстінде. Сырын бермей сол қалпында сақталып тұрғаны да не сан… Расында да, бұл – талмай еңбек ету мен тынбай ізденудің арқасында ғана қол жеткізетін жетістік тәрізді.

Ал өзгеге өзі білетін әлемнің қат-қабат құпиясын бүкпей жайып салу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Халық санасын оятып, ағартушылық еткен жан қай кезде де мәртебелі саналып келді емес пе? Осы тұрғыда ұстаз еңбегін айналып өту қисынсыз да шығар, бәлкім?! Өйткені, оның еңбегі – өлшеусіз! Өз баласынан өзгенікін жоғары қоятын бір мамандық иесі болса, ол тек ұстаздың ғана қолынан келуі мүмкін. Қара танымай партаға қонжиған қара¬-домалақтан білімді де тәрбиелі азамат өсіріп шығару – сол мектеп аталатын киелі шаңырақтың шеберханасында ғана жасалатын ұлы іс деп бағалауға тұрарлық. Қай кезде де қарамағындағыларға қамқорлық танытып, қол ұшын созуға даяр тұратын жан да – сол ұстаз секілді.
Ұстаз еңбегінің арқасында әкім де, қара да, ғалым да, дарын да, бәрі-бәрі өз биіктеріне көтеріле алды. Ұстаз салған сара жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ғана ілгері басты. Қазір мына ғаламда не көп, мамандық көп. Көрмек түгілі атын енді ғана естіп жатқан небір кәсіп түрлері бар. Бірақ солардың ішіндегі ең беделдісі де, ең мехнаттысы да ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысы бар осы – ұстаздық кәсібі. Содан да шығар келешек өмірдің кілті де сол кісілердің қолында деп жатады білетіндер. Ел басқарған ер де, көпті көрген көнекөз қария да ұстаздың алдын көріп, тәлімін алған. Осы орайда тіл ұшына мына мақалдың орала кеткенін қай¬терсіз?!

Ал,Қыран құстың қанатына мініп, көкте қалықтағандай, балалық шақта өмір белесінің өмір белесінің бірі, жоғары оқу орнына түсіп, студент атану әрбір талапкердің үлкен арманы. Студент деген сөздің өзі «ізденуші» мағынасын беретінін ескерсек, қай мамандықта болсын ізденушінің бос уақыты мен демалыс күндері сирек болғаны дұрыс. Мидың ең көп бөлшегі белсенді қызмет атқаратын 17-22 жас аралығы барлық ілім-білімді санаға ұмытылмастай сіңіру қажет. Дегенмен іздену мен ынтаны ғана негіз етпей, студенттік өміріңізді қызықты әрі көңілді өткізу өз қолыңызда. Студенттік кезең – білімді шыңдау кезеңі. Сіз өзіңіз келген жаңа таныс достардан бөлек, мұнда әр аймақтан келген достармен танысасыз. Жаңа таныстық жаңа өмірге жол ашу.

Сол жастық шақты үлкен миисия арқалаған, Еңбек адамы Халметова Наргиза Юлдашевна 1980 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Жай қарапайым отбасынан шыққан.
Мұғалімнің негізігі арманы дәрігер болуды армандаған екен. Алайда оқуға қазақ тілі және әдебиеті пәнінің маманы болғысы келген. Айта кету қажет, Мұғалімнің ұлты өзбек болғанымен, қазақ тілін өзінің ана тіліндей судыратып жүр. Кейіпкеріміз сонымен қатар әрі студент, әрі мұғалім ретінде жұмыс жасаған екен. Бір күндік жұмыс уақытында өзінің барлық білімін балаларға беруге ұмтылатын көрінеді. Маманның айтуынша «Мен бұрын жұмыс істеген ауданда жыл бойы кешкі уақытта білім алу мүмкіндігін ұсынды. Мен үнемі осы сессияға қатысқан едім. Әсіресе, ерте жастағы әдебиеттер мен оқыту стратегияларын талқылайтын сауаттылыққа арналған тренингтерді өткіздім. Мен соңғы екі жылда Нью-Йоркте өткізілген жыл сайынғы Autism Awareness конференциясына қатысуға бақытты болдым. Мен ұсынатын білім берудің кез-келген мүмкіндіктерін пайдалануға тырысамын» — деп ашық айтты.
Міндетті репортер ретінде менің ұстанымымды өте байсалды қабылдаймын. Мен ауданның күнделікті медициналық тексеру жүйесін білемін, ол ерте жастағы мұғалімдерді күнделікті іске асыруды талап етеді. Бұрынғы ұстанымымызда балалар күн сайын таңертең келген сайын күнделікті тексерулер жүргіздік. Бұрынғы сыныпта бір бала болды, ол екі қолында да бірдей травмалды болды, мен көгертулердің апа-сіңлілері мен достарымен, немесе ересек адамның физикалық қатерлі іс-әрекеттерінен нашар ма екенін білмедім. Мен ешкімге ештеңе айта алмас бұрын, мен мылжыңның себебін анықтау үшін процесті басшылыққа алатын бастыға не көргенімді айттым.

Ақыр соңында, көгерістің баланың үлкен ағасы болғаны анықталды. Мектебім жағдайды қалай шешсе, ата-анамызды жала жауып, қорлаусыз баланы қауіпсіз жағдайда ұстауға мүмкіндік берді.

«ЖАСТЫҚ ШАҚТЫ АЯЛАУ ҚАЖЕТ»

Жастық шақ, балалық бал дәурен – адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын, шаттыққа, қайрат-жігерге толы кезеңі. Сонымен қатар, осы жастық дәурен – ұмытылмайтын, алар орны ерекше, нағыз даналықты меңгеруге арналған уақыт. Ал, балалық шақ оны айтпаса да белгілі. Кім бала болмады?! Кім іңгәләп, еңбектеп, тәй-тәй баспады?! Жалпы, «Өмір – үлкен мектеп». Сол мектептің алғашқы баспалдағы ол – балалық бал шақ. Бұл кезеңді мың айналып, толғансаң да, артқа шегіндіре алмайсың. Өйткені, бұл өмірдің заңдылығы.
Адам өмірінде балалық шақ, жастық шақ, орта жас және кәрілік кезең орын алады. Солардың ішіндегі ең бір ерекшесі әрі мәңгі естен кетпейтіні ол – жастық шақ. Жас күніңдегі өмірің қиялға толы. «Жастық — жалын, кәрілік — көмір», — деп бекер айтпаған-ды.
«Жастық шағың — жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі», — деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, бұл кезең әрдайым қызғалдақ құлпыратын шақ. Бірақ та, сол қызғалдақты дұрыс жайната білу қажет, яғни теріс жолға салынбай, тура жолдан таймай әрқашан тек алға ұмтылу – жастық шақтағы еске сақтар бірден-бір міндет. Жастық шақта бір қателікке ұрынсаң, одан шығу оңайға соқпайтынын, терең тұйыққа батқандай кейбіреуі тіпті сол жастық шақтағы қате қадамынан өмірінің соңына дейін жапа шегіп, соның кесірі бүкіл отбасына да тиіп жататынын үлкендер жиі айтып жатады. Сондықтан өмірің сәнді де, мәнді болсын десең, шаңырағың үнемі береке, тыныштықта болсын десең, ол үшін ең алдымен, жастық шақта қателікке ұрынбауға тырыс. Өміріңді кейін өкінбейтіндей қылып өткізсең, өзіңе жақсы емес пе?! Адам баласы үшін ғұмыр келте. Сол алақандай ғана ғұмырды бағалай білу қажет.
Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл дәуренде барлығы қайратты, қуатты болады. Сондықтан да осы жігерлі уақытымызды пайдаланып, ең алдымен — оқуға көңіл бөлейік. Өйткені, біз үшін жас кездегі маңызды міндеттердің бірі ол — білім алу. Жақсы білім алып, сауатты болсақ, жарқын болашағымызға жол ашамыз және де бұл арқылы біздің санамызда үлкен армандар, алға қойған мақсаттар пайда бола бастайды. Егер біздің әрбіріміз осы жастық шағымызда елеулі оқиғаларды бастан кешіп, әлсіздік танытпасақ, ата-анамыз бізді ылғи мақтан тұтатын, қоғамымызда орны бөлек, үлкен азамат пен азаматша болып ер жетеріміз xақ. Ата-ананың үмітін ақтап, жарамсыз қылықтардан аулақ болып, тәрбиелі әрі инабатты, сондай-ақ, білімді азамат болу – әрбір жеткіншектің парызы деп ойлаймын. Қысқаша айтқанда, бақыт кілті — әр адамның өз қолында. Сол себепті, қамшының сабындай алтын ғұмырымыздың құлпырған бәйшешектей аз ғана мезгілін құр бос өткізбегеніміз абзал. Шығыстың ұлы ақыны Саади: «Адам әрбір секундта бір дем алады…» деген екен. Ал сол дем алудың біздің өмірімізде қаншалықты санаулы екенін ұмытпауымыз қажет.