Еңбек адамы Жақыпбекова Нышанкүл Қалдыбекқызы

 

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін әрдайым қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаздың еңбегі – өлшеусіз, баға жетпес құндылық. Өйткені, ұстаз еңбегінің арқасында ғана әкім де, қара да, ғалым да, дарын да, бәрі-бәрі өз биіктеріне көтеріле алады. Шәкірт ұстаз салған сара жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ғана ілгері басады, сөйтіп өмірден, қоғамнан өз орнын табады. Сондықтан «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейтіндей, үлкен өмірге жол сілтеген жандарға құрмет қашанда жоғары болатыны анық.

«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» деп кезінде Абай атамыз өлеңіне қосып ұлтқа ой салса, ұлтымыздың ұлы ұстаздарының бірі Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен. Ал қазақтың тағы бір марқасқа ұлы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын – мұғалімдікі» деп тебіренеді.

Әрбір адамның дүниеге келгеннен кейін қаншама ұстаздардың алдынан өтетіні белгілі. Алдымен ата-анасы, сосын қоршаған ортасы, онан кейін алғаш әріп танытып, өмірдің сан қилы құбылыстарын терең түсінуге ықпал жасап, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулитын мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Кейде мектепте сабақ берген, класқа кіріп шыққан мұғалімдердің барлығын да ұстаз деп жатады. Меніңше, ол дұрыс емес. Өмірдегі ұстанымыңды қалыптастыруда, бағытыңды таңдауыңда, адамгершілік-рухани жағынан бай тұлға болып қалыптасуыңда өшпес із қалдырған жанды ғана ұстаз деп айтуға болады деп ойлаймын. Сондықтан халқымыздың ардақты ұлы, батыр Бауыржан Момышұлы «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деп бекерге айтпаған.

Бүгінгі таңда балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай, оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К. Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М.М. Жанпейсованың оқытудың модульді технологиясы және Ж.А. Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Оқушылар алған білімдерімен келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін, яғни тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізеді. Әрбір сабақты өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын және келешекте өз мамандықтарын дұрыс таңдауына әсер етеді.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» – деп бес арысымыздың бірі Ж.Аймауытов айтқандай, ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп, түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Сонда оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады. Сондай оқушының өз ізденісін тудыру соңғы кездері қатты қолға алынды, үлкен өзгерістерге ие болды.
Отандық білім беру жүйесінде реформаны жүзеге асыра отырып, біз оны мынадай бағытта дамытуды қамтамасыз етуіміз керек болды:
• бірыңғайлық пен біртұтастықтан – ашық әрі алуан түрлілікке;
• әрі-сәріліктен – жеке тұлғалық – бағытталғандыққа;
• бір жақты білімділіктен – білімді беру және еске түсірумен ғана түгенделмейтін, адамның көптеген және көп қырлы зияткерлік, көркемдік, рухани, практикалық іс-әрекеттеріне де есептелген іс-әрекеттік пен полимәдениеттілікке;
• схоластикалық, жалған академиялық, нәтиже жоқтығынан (бұл жерде білім мазмұнының ең көп бөлігі оқушылардың меңгеру мүмкіндігі мен қызығушылығынан тыс қалады) – өмірге ұмтылыс пен тиімділікке;
• репродуктивтіліктен және бейімдеушіліктен – қоғам мен жеке тұлғаның қазіргі өмірде серпінді болып жатқан өзгерістерге «үйлесіп» ғана қоймай, осы өзгерістерді жүзеге асыру, алға жылжыту қабілетін қалыптастырушы нәтижелілікке және дамытушылыққа.

Дәл осы білім саласындағыи жаңашылдық қолданатын кейіпкеріміз:
Жақыпбекова Нышанкул Қалдыбекқызы 1978 жылы Отырар ауданы, Көксарай ауылында дүниеге келді. 2005 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетін аяқтап шыққан екен. 2007 жылы Ясауи мектебіне қазақ тілі және әдебиеті пәнінен мұғалім болып жұмысқа орналасыпты. Мұғалімнің сабақ өту барысы «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың субъект ұстанымдарын коммуникативтік құзыреттілік арқылы дамыта отырып, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» — дейді кейіпкеріміз.
Осы тақырып бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда сөйлеу тілін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жасаймын. Сабақ жоспарын, құрылымын оқушылардың білім деңгейіне сай жоспарлап өткіземін. Оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты әдістемелік құралдарды пайдаланамын. Әр сабақта белсенді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, әр оқушының айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым, сөйлесім дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөле отырып, жеке карточкалар, тест жұмыстарын, сөзжұмбақтар, тірек сызбалар, суреттерді әрбір сабағымда пайдаланамын. Сабақ өткізу барысында жоғарыдыа айтылғандай әртүрлі әдіс-тәсілдерді көптеп қолданамын, себебі тіл үйретуде осы әдіс-тәсілдер оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттырады. Қазақ тілін оқытуда М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді,сондықтан осы технологияға көп сүйенемін. Міндетті түрде, сабақ барысында, оқушының іс-әрекетінің бес түрін: тілдесім, айтылым,тыңдалым, оқылым, жазылымды қолданамын. Модульдердің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асырады екен.

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.
Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.

Қарап отырсаңыз, биыл тұтас бір жыл жастарға арналып отыр. «Осы кезеңде қандай нәрсеге баса назар аударған дұрыс? Біз, жастар өзгеріске қалай дайындалуымыз керек? Мемлекет пен қоғамға пайдамыз тию үшін не істеуіміз керек?» деген сауалдарды мақсаты бар әр жас азамат өзіне қою керек.

Иә, ақын, педагог М.Жұмабаев айтпақшы мына қоғам «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жалындаған жастарға иек артады, соларға сенеді. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қандай мамандық иесі болса да, өз істеріне жауапкершілікпен қараған адамның, жетер жетістігі де өте көп болмақ. . Яғни бұл дегеніміз, жастарға деген сенімділік пен оларға қолдау көрсету. Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға осы жыл таптырмас мүмкіндіктердің бірі. Мен де жас маман ретінде, елімнің болашағы үшін еңбек етемін. Таңдаған мамандығымның арқасында, көп нәрсені біліп және әлі де ізденіп келемін.
Ізгілік пен ізденісті тұмар қылған мен жан-жақты білімділікті, шәкіртке деген шуақты көзқараспен қарауды, әр оқушының бойына үңілуді, олардың жан дүниесін түсінуді, мүмкіндік беруді үйреніп келемін. Үнемі шәкірттеріммен тығыз байланыста болып, олардың ойымен санасып, көкейіндегі арманын тыңдап, сол бойынша бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол нұсқап, екінші анасы ретінде көмектескенім үшін өзімді ерекше бақытты сезінемін.
Мен – маманмын,соның ішінде ұстазбын! Кешегі балғын бөбектен «адам» деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар тегінде. Даналықтың қайнар көзі — білім. Даналыққа жету жолы қиын да ұзақ
Ұстаз – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Бүгінде жаңа өмір жолын бастаған жас мамандар арасында педагогикалық мамандықты таңдаған әріптестерім жыл сайын көбейіп келеді. Бұл болашаққа жасаған ой-жоспарыңды қиялдатады, көңілге қуаныш ұялатады.
Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін және алған білімін әлемдік өркениетпен үндестіре білетін өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі жастар өкінішке қарай, қандай да бір ақпаратты кітаптан емес, ғаламтор желісінен алатыны баршамызға белгілі. Егер заманауи элементтерді қолдана отырып, тарихи фильмдер түсірілсе, жаңа технологиялардың көмегімен ерекше көрмелер ұйымдастырылса, жас ұрпақтың қызығушылығы артатыны сөзсіз.

Ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы» деген еді. Ал, жазуымыздың латын әліпбиіне көшуі өте дер кезінде қозғалған бастаманың бірі деп едім. Өйткені, тарихтан белгілісі, бұған дейін де қазақ халқы латын қарпін қолданды. Мен алдағы уақытта және болашақта әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетін байланыстырып, Абай бастаған әдебиет асылдарының туындыларын ағылшын тіліне аударып, оны әлемге танытқым келеЖастарды қолдау – жастарға арналған зор мүмкіндік, онда бастау алатын «Жас маман» бағдарламасы жастарға кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектеседі. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету, жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында да игілікті шаралар қолға алынып жатқаны қуантарлық. Әрбір маманның өз жұмысы, сол жұмысының қиындығы мен қызығы бар. Медицина саласы адам жаның дәрі-дәрмекпен, мейіріммен емдесе еліне шипа берсе, экономика саласы еліміздің экономикасын қадағаласа, ал мұғалім баланың шабытын оятып, білімін жетілдіре түсуге көмектеседі. Ұлы ағылшын ағартушысы, Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»- дегендей осы мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, себебі мен еліміздің жас білім алушыларына шамшырақ қылып жағу, болашаққа бағыт-бағдар беру, «менін» қалыптастыру шығармашылыққа баулу, бәсекеге қабілетті тұлға етіп шығару мәртебесі- біздің елімізде және осы сенімнен шығуда аянбай еңбек ететін боламын!
Бізде, шыны керек, бүгінде білімді әрі еңбекке икемді болғанымен өз бағдарын білмей жүрген жастар көп. Сондықтан да біз оларға үлгі бола отырып, сол жас буыннан құралған еліміздің қуатты күшін бір арнаға тоғыстыруымыз керек есептеймін.
Осындайда айтқым келетіні: жоғарыдағы, әртүрлі саладағы аға буын жастарға жоғарыдан төмен қарап, «бұларды үйрету керек» деген психологиядан әлі арыла алмай келеді. Бірақ, бұл бүгінгінің басты өлшемі емес деп есептеймін.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға: «Біз тәуелсіздікті алдық, ұстадық. Тәуелсіздікті алу бар да, сақтау бар. Енді сендер сақтаңдар» деді. Бұл – аманат. Аманатқа сай жастар бар, бірақ, олардың қатарын көбейтуіміз керек. «Қазақстанның болашағын жастарға сеніп тапсыруға болады» деді. Сондай-ақ, болашақта жастардың білім алуына және арнайы жеңілдіктер қарастырылған бағдарламалармен үй алып, еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалатынын жариялады. Оған дейін жастарды қолдап жатқан әртүрлі жобалар мен бағдарламалар аз емес. Бір-екеуін тілге тиек етсек: «Болашақ» бағдарламасы мен «Дипломмен ауылға» жобаларын айтуға болады.
Еліміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша қаншама талантты, білімді, вундеркинд жастарды шетелдерде оқытты. Оның астарында дамыған елдерді көзімен көрсін, ой түйсін, шешім қабылдасын, Отанына шын мәніндегі патриот болып оралсын деген аталық тілек, философиялық түйін жатыр деп ойлаймын. Қазақтың жолбарыс жүректі батыры, Бауыржан бабамыз: «Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әр азамат әзір болу керек» дейді. Енді соған жастардың атсалысып, белсенді болатын уақыты келді. Мұғалім – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Себебі: мұғалім жаңаша ойлайтын, жоғары білімді шығармашыл тұлғаның қалыптасуы мен дамуына жауапты. Иә, біздің ауданымыздың жас мамандарынан осындай қабілет пен қасиеттерді кезіктіруге болады.

Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.