Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы
Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез – келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері – ұстаз. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне,іскерлігіне байланысты.
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан.
Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген.
Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек.
Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.
Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», — деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», — дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.
Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу — жүректің батырлығы!
Қажымас қайрат пен мол жауапкершілікті арқалап, мектеп қабырғасында жұмыс істеп жүрген кейіпкеріміз Шәми Мереке 1994 жылы Түркістан қаласы, Шорнақ ауылында дүниеге келген. 2000жылы Шорнақ атындағы жалпы білім беретін мектептің 1–сыныбына қабылданып, 2011 жылы мектепті жақсы бағамен бітіріп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-не химия пәні мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша оқуға түскен. 2016 жылы оқуын аяқтап, Құрманбай Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп-интернатына мұғалім болып қабылданған. Қазіргі таңда Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепке ауысқан, жалпы екбек өтілі 7 жыл. Бұл салаға өз қалауымен келген, 8-сыныптан бастап химия пәніне қызығып, элементтерді жаттай бастаған, мұғалімінің сабақты түсіндіру тәсідері, кейіпкеріміздің мамандыққа деген махаббатын ашқан десек, қателеспейміз. Химия саласымен қатар математика пәнінен де сабақ береді. Екі мамандықты да жақсы көріп таңдаған.
Сала бойынша жеткен жетістіктеріне тоқталатын болсақ, мектепішілік, қалалық және республикалық жарыстарға тұрақты түрде қатысады, соның арқасында түрлі алғыс хаттар, құрмет грамоталарымен марапатталған. Шәкірттері республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарға онлайн қатысып тұрады. Өзі түрлі сайыстарға барған кезде тәжірибе жинап, жаңа әдісерді үйреніп келетінін тілге тиек етті. Химия саласына қатысты әр түрлі тақырыпта мақала жазып жариялап тұрады
Кейіпкеріміз 7 жылдық жұмыс тәжірибесінде мамандықтың қиындығы мен қуанышын бірге көріп келе жатқандығын жеткізді. Химия пәні күрделі болғандықтан, кейде ғылыми жоба жазсам, оны қорғасам, қиын болып көрінеді Сол сәттерде әттеген-ай, басқа бағытты таңдауым керек еді деген ойлар келеді. Бірақ әр істің қызығы мен шыжығы қатар жүреді деп, өзімді сабырға шақырамын. Білім берген шәкірттерім грант иегері атанса, оқуда озат болса, түлектерім жақсы жұмыстарға орналасып, сіздің берген білімдеріңіздің жемісі, ерен еңбегіңіздің нәтижесі деп келсе, шабыттанып, мұғалім болғаныма қуанатынын айтып өтті.
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отврып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген.Кейіпкерімізбен сұхбаттаса отырып, ол кісінің қазіргі білім жүйесіне көзқарасын білдік. Мереке ханымның айтуынша, қазіргі білім беру жүйесі бұрынғыға қарағанда едәуір жақсы. Оқушыларды түрлі критерийлер бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Олардың сыни тұрғыда ойлауларын, бір мәселені шешу үшін жан-жақты ізденулерін қамтамасыз етеді. Заман талабына сай ұрпақты тәрбиелеу, озық техлоногиялардан тиімді пайдалану, тәжірибе алмасу, білгенімізбен бөлісу-біздің міндетіміз! Сол үшін уақыттың қадірін біліп, мүмкіндіктерден қапы қалмай, алға қарай ұмтылуымыз керек!