Құқызбұзушылықтың алдын-алу бағытында ісшара өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың қазан айының 26 мен қараша айының 2 күні аралығында республика көлемінде «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізуде.
 Іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.
Іс шараның алғашқы күні Мақтаарал АПБ бастығы полиция майоры Е.Надиров және бастықтың бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қ.Сатыбалдиев аудандағы мектептерді аралап мектеп оқушыларына тәрбиелік мәні орасан дәрістер өтті.
Зорлық-зомбылықсыз отбасы
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу үшін, 26.10.2023 жылы Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанынан құрылған ведомствалық топтың қызметкерлерімен отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында, аудан орталығы Мырзакент кентінде тұратын үш жайсыз отбасы мүшелері шақыртылып, Мырзакент кентінің қоғамдық кеңес мүшелері, сонымен қатар ақсақалдар, әжелер алқасы және қоғам белсенділерімен психолог мамандары біргелікте профилактикалық жұмыстар жүргізіп, кеңес өткізілді.
Ондағы басты мақсат, ата-аналармен балалардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болудан, отбасы құндылықтары жайлы және ата-аналармен балалардың арасындағы мәселелер жөнінде, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылды.
Жиын барысында, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан, құқықбұзушыларға, балаларына дұрыс тәрбие беріп, ата-аналық міндетін атқаруын және маскүнемдікке салынудың адам баласына жақсылық әкелмейтінін, барлық жамандықтың осы ішімдіктің салдарынан болып жатқанын, сол себепті алкогольдік ішімдікті ішуін доғарып, имандылыққа бас бұруы жөнінде өздерінің ақылдарын айтты.