КӘСІПОРЫНҒА САЯХАТ

Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспарға сәйкес, оқушылардың қатысуымен бірқатар шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
«Аспаз» кәсібінің 11 сынып оқушыларын «Айя София» кафесіне өндірістік саяхатқа апарып, таныстырып, кафе аспаздарының жетекшілігімен тәжірибелік сабақ өтілді.
Оқушыларға қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметі, міндеттері, қойылатын талаптар жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді. Қоғамдық тамақтандыру орындары мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана, дәмхана және т.б. өндіріс циклі бар кәсіпорындар шикізатты қарастырады, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдер шығарады, содан кейін оларды залдарға, буфеттерге, кулинарлық дүкендерге жеткізеді. Тұтынушыға қызмет көрсету барысында қоғамдық тамақтану кәсіпорындары түрі, орналасқан жері, материалдық-техникалық дәрежесі және көлемі бойынша класс пен түрге бөлінетіні сонымен қатар қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі қызметі – тағам дайындау, оны сату, сонымен қатар келушілерге қызмет көрсету екені жөнінде білім алды.
Тәні саудың-жаны сау.
Оқушылардың тазалық саулық туралы ұғымдарын кеңейту, тазалықтың пайдасын ұқтыру, денсаулық ұғымының құндылығы туралы, салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, денсаулықты күтуге , қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ақсукент» аудандық «Болашақ жастар» денсаулық сақтау орталығының терапевт маманы М.Умиртаева., «Ақсукент» аудандық «Болашақ жастар» денсаулық сақтау орталығының емханасының маманы Г.Ниязова келіп түсіндірме жұмысын жүргізді.
ЖРВИ дегеніміз не, тұмау ауруының алдын қалай аламыз, тұмаудан сауығу үшін қандай ем қолдану керек, «Тәні саудың-жаны сау» дегенде нені түсінеміз, деген мәселелер көтерді.
Денсаулық ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына. Өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болып, зиянды әрекеттерден аулақ болып өсуі өте маңызды. Бүгінгі дені сау ұрпақ-елдің ертеңгі жалғасы!
«Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аспаз», «Токарь, дәнекерлеу ісі», «Жиһаз өндірісі» кәсіптерінің оқушыларына Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлері азаматтық қорғау аға лейтенанты З.Абдиашимов, Р.Мақсат арнайы келіп «Өрт қауіпсіздіг» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы оқушыларға түсіндіріп, білімдерін кеңейтіп, өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды. Өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен, өрт қауіпсіздігінің ережелерімен таныстырды. Атап айтсақ: 1.Электр құрылғылары мен сымдарын су қолыңмен ұстама. 2.Розеткамен ойнама,оған бөтен нәрселер тықпа. 3.Электр құрылғыларының шнурын розеткадан тартып алуға болмайды. 4.Үйден шығарда жарықты сөндіріп,электр құралдарын өшір. 5.Сіріңкемен,майшамен және шақпақ оттықпен ойнама. 6.Жанып тұрған плитаны қараусыз қалдырма. 7.Отшашу, педарда, бенгаль оттарын үлкендердің бақылауынсыз қолданба. 8.Ашық, үзіліп тұрған сымдарға жақындама.
Бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға сақтық ережелері жөнінде парақшалар үлестірілді.
Соынмен бірге,

Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19 қазан Құтқарушылар күні аясында «Құтқарушылар балалардың көзімен!» атты сурет салу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты құтқарушылар қызметіне оқушыларды қызығушылықтарын ояту, осы қызметтің өмірдегі маңызын түсіндіру болып табылады.
Байқау соңында суреттердің мазмұны мен техникасына қарай баға беріліп Головацкая Анна., Насибова Райхан., Қайыпназарова Аңсат — I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Туған жерім – алтын бесігім.
«Туған жерім – алтын бесігім» атты ауданаралық мәдениет күндерінің аясында Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тігін ісі және қолданбалы өнер», «Жиһаз жинақтаушы», «Токарь, дәнекерлеу ісі» кәсіптерінің оқушыларының орындаған қолданбалы шығармашылық жұмыстарымен тәжірибе алмасуға жолдама алып, қатысып, жұмыстарымен таныстырып қайтты. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына оң баға беріп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстың нәтижесін көруге болатынын айтты. Сондай-ақ тәжірибе алмасу жалғаса берсе деген өтініштерін білдірді.