«МЕН ДОНОРМЫН» акциясы өтті

«Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері және ерікті жастардың қатысуымен қалалық қан орталығында “Мен донормын” акциясына қатысты.
Жыл сайын қан тапсыруға ниетті адамдардың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Мұндай сауапты іске белсене қатысқан донорларымызға айтар алғысымыз да шексіз. Жалпы, қан тапсыру сауапты іс әрі оның адам денсаулығына да пайдасы зор. Қан тапсырғанда адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік ауруларына шалдықпайды. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексертіп, өзге жанның өмірін сақтап қалады,-деді қан орталығының дәрігерлері.
Қан беру — өзге біреуге жаңа өмір сыйлаумен тең. Қан – адам өмірінің айнымас бөлшегі. Сондықтан да әлемде жыл сайын қаншама адам қан құюға мұқтаж болады. Күрделі операцияларда, ауыр босануда, сондай-ақ гемофилиямен және қан аздықтың салдарынан туындайтын ауруларға тек қан керек. Сондықтан қан беру – сауапты іс. Осыны ескерген жастар бүгін акцияға белсенді қатысты.