Ерікті болу – өз еркің
Жақсылық жасау, жығылғанға сүйеу, жылағанға тіреу болу – кез келген адамның қолынан келетін іс. Тіпті бұл қазақ халқының өмір заңдылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сіңіп кеткен. Мұны біз алыстан сұлбасы көрінген қарияның жүгін көтеруге асығатын баладан немесе жасы кішіге ізет білдіріп, үлкенге құрмет көрсетіп жүрген жастардан аңғара аламыз. Қазіргі таңда жақсылық жасаудың осынау үлгісі мемлекеттік маңызға ие болып, оған үлкен мән берілуде. Сәйкесінше қоғамда еріктілердің беделі де биіктей бастады. Оның бір дәлелі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауы. Естеріңізде болса, мамыр айында Қостанайда өткен жастар форумында «Ұлттық еріктілер желісінің» төрайымы Вера Ким 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауды ұсынған болатын. Енді міне, ұтымды ұсыныс шешімін тауып, Мемлекет басшысы еріктілерді әрқашан қолдауға даяр екенін білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тұрғыда: «ҚР Президенті ретінде мен әрқашан волонтерлардың қозғалысын қолдайтынымды жеткіземін. Сондықтан сіздердің келесі жылды волонтерлар қозғалысының жылы деп жариялау туралы ұсыныстарыңызды толығымен қолдаймын. Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз», – деген еді. Осыдан кейін Президент келер жылды «Волонтерлар жылы» деп хабарлап, қаулыға қол қойды.
Еріктілер дегеніміз кім?
Ерікті сөзінің түп төркіні латынның «волонтер» сөзінен шыққан. Ол аты айтып тұрғандай қоғамдағы жұмысты өз еркімен, жүрек қалауымен істеуді білдіреді. Яғни еріктілер көпшілікке көмектесіп, қол ұшын созғаны үшін ешқандай ақы талап етпейді. Айналаны көгалдандыру, абаттандыру, үгіт-насихат жүргізу сынды жұмыстарды да өз еркімен атқарады. Сол себепті еріктілердің қоғамдағы орны ерекше. Көпшілік еріктілерді қайырымды жандар ретінде таниды. Өйткені, еліміздегі еріктілердің барлығы дерлік жақсылық жасаумен айналысады. Бір жағынан бұл қазақтың көнеден келе жатқан «асар» дәстүріне ұқсайды. Асардың көрші-қолаң немесе мұқтаж жанға арналып жасалатын үрдіс екені барлығымызға белгілі. Еріктілік те солай. Бірақ еріктілік жұмысты адам жалғыз өзі істесе де болады. Ең бастысы әр жанның жүрек түкпірінде жақсылық жасауға деген ынта мен құлшынысы болса болғаны.

Бүгінде Қазақстанда 200-ден аса еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Алайда, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 2018 жылы жасаған зерттеуі мемлекеттегі жастардың 82,6 пайызы еріктілікпен айналыспайтындығын анықтаған. Бұл әр бесінші жас волонтерлік туралы естімегенін білдіреді. Бірақ біз бұл көрсеткішке қарап қазіргі жастарды жақсылық жасаудан жұрдай деп айта алмаймыз. Өйткені, қалың қазақ елі әр жастың бойында қайырымдылық жасауға деген ынта бар екенін қайғылы Арыс оқиғасында көз жеткізген болатын. Аты шулы оқиғада жастар қауымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, зардап шеккен жандарға жанұшыра көмектескеніне көптің көзі куә. Бұл да еріктіліктің озық үлгісі.
Әлемдегі волонтерлік қызмет
Әлемдегі барлық еріктілердің саны 970 миллионға жетіп жығылады екен. Бұл ақпараттың өзі өзгеге жәрдемдесудің шеті мен шегі жоқ екенінен хабардар етіп тұрғандай. Сондай-ақ осыған қарап еріктілердің барлық елде бар екенін байқаймыз. Әсіресе, осы қызмет азуын айға білеген АҚШ-та кең тараған. Бұл елде «жақсылық жасау» идеясы балаға мектеп жасынан бастап айтылады екен. Соның нәтижесінде волонтерлікпен айналысу әрбір АҚШ азаматы үшін басты қасиеттердің бірі болып саналады. Ал жұмысқа орналасқысы келген жастардың түйіндемесінде волонтерлікпен айналысқандығы туралы мәлімет тұрса, ол – үлкен мүмкіндік. Сондықтан шет елде студенттер мен оқушылар ерікті болуға қуана келіседі.

Тағы бір айта кететін жайт, әлем елдерінің жастары әркез «бір жылдық үзіліс» үрдісін өткізетін көрінеді. Бұл үрдіс өткен ғасырдың 70 жылдарынан бері үзілмей келе жатыр. Яғни жас түлектер жоғары оқу орнына бармас бұрын, бір жыл уақытын тәжірибе жинауға, өмірден өзін іздеуге арнайды. Сондай-ақ өз елінде немесе шет елде еріктілікпен айналысса болады. Бұл дамыған елдердің қай-қайсысы болсын, жақсылық жасауды басты орынға қойғанынан хабар береді.
Сан түрлі еріктілік
Бүгінде еріктілікпен айналысудың да сан түрі қалыптасқан. Мәселен, әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық және т.б. түрлері бар. Сондай-ақ ұлттық бағыттағы волонтерлік қызмет те жақсы дамыған. Әрі төтенше жағдайларда білек сыбана кірісіп кететін еріктілердің де қатары көбейіп келеді. Жалпы еріктілікпен адам жекелей немесе топ болып айналысса болады. Әлгінде айтқанымыздай, Қазақстанда 200-ге жуық еріктілер ұйымы бар. Ал Шиелі ауданында «Достар әлемі» еріктілер жасағы жұмыс істеуде. Бүгінде бұл топта 40 тұрақты ерікті бар. Ал 100-ге жуық жастар әртүрлі шараларда бас қосады. Аталған топ бертінге дейін 20-дан асып жығылатын қайырымды істерге мұрындық болған. Одан бөлек кент орталығында орналасқан ескерткіштерге тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Еріктілік сізге не береді?
Қазақ халқының қай баласы болса да өзгенің қолтығынан демегеніне ақы сұраған емес. Олардың ақ батасын алғанның өзін абырой санаған. Еріктілік те солай. Ерікті болғысы келген жан жасаған жақсылығына өтемақы талап етпеуі керек. Керісінше ерікті болу арқылы сіз ортаңызды кеңейтуге, жаңа достар табуға, өзгенің алғысына бөленуге мүмкіндік аласыз. Яғни еріктілік сіздің рухани қазынаңызды байыта түседі. Өн бойыңыздағы адамгершілік қасиетіңізді арттырып, мейірім шуағыңызды молайтады. Әрі еріктілік сізді материалдық жағынан қамтамасыз етуге де қауқарлы. Иә, кейбір еріктілер ұйымы сіздің белсенді болуыңызға қарай киімдер, кітаптар немесе түрлі сыйлықтар беруі мүмкін. Ал ең бастысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен келер жылдан бастап еріктілікпен айналысатын студенттердің шәкіртақысына 30 пайыз қаржы қосылатын болады.

М.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА